Саясаттану



Pdf көрінісі
бет47/52
Дата17.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#117141
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
httpkaskasu.kzwp-contentfilesotemisov karabala saisat.pdf

халықаралық қатынастар
проблемасын талдаудан 
бастайтын болсақ 
-
ол мемлекеттің территориялық шекара аумағынан шығатын
билік қатынастары (билікті, байлықты, ықпалды бөлу және бекіту) бойынша 


146
өзара іс
-
қимыл жиынтығы. Бұл ретте бұл қатынастар мемлекетпен бір мезгілде 
туындайды. Мемлекетке дейінгі орын алған тайпааралық қатынастар (жерді 
ортақ мекендеу, біріккен аңшылық кәсіп, материалдық құндылықтардың өзара 
алмасуы) тұрғысында өзінің және өзге аумақтың егемендігін сақтауды және 
қандай да бір саяси ұйымның билік үстемдігін көздеген жоқ. Сондықтан 
мемлекеттер арасындағы байланыстар ағылшын философы және заңгері 
Д.Бентам (1748
-
1832) енгізген “халықаралық қатынастар” ұғымымен 
сипатталатын болды. Алайда, уақыт өте келе бұл ұғымының мазмұны ұлғайды; 
қазіргі кезде мемлекеттік іс
-
қимылдар, аумақтық құрылымдар шеңберінен 
шығатын, мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, дипломатиялық, 
әскери, мәдени және де өзге байланыстар жиынтығын, халықаралық көлемде 
(
әлем халықтары арасында) негізгі әлеуметтік, экономикалық және мемлекеттік 
қызметті бейнелейтін қоғамдық қатынастардың айрықша түрі деп анықталды. 
Халықаралық қатынастар түрлері мынадай: 
1) 
қоғамдық өмір салалары мен қатынастардың мазмұны бойынша 

саяси, 
экономикалық, әскери
-
стратегиялық, мәдени, идеологиялық, дипломатиялық; 
2) 
өзара іс
-
қимылға қатысушылар бойынша 

мемлекетаралық, әртүрлі 
халықаралық ұйымдардың, трансұлттық корпорациялардың (ТНК) және 
басқаларының арасындағы қатынас; 
3) 
қатынастар сипаты бойынша
--
құқықтық реттеу сипатынан туындайтын 
мемлекетаралық қатынастар, іс жүзіндегі мемлекеттің ішкі құзырына кіретін, 
алайда халықаралық
-
құқықтық реттеу (халықаралық жеке құқық) саласына 
жататын мемлекеттік емес сипаттағы мемлекетаралық қатынастар. 
4) Халықаралық қатынастар ынталылық дәрежесіне қарай 
--
қалыпты 

қалыпты 
емес, сенімді 

алауыздық, ынтымақтастық 

шиеленістік болып бөлінеді.

Әлемдік саясат” және “халықаралық саясат”
ұғымдарына 
халықаралық аренада болып жатқан оқиғалар жатады. Олардың арасындағы 
негізгі айырмашылықтар дәстүрлі емес субъектілердің қатысу деңгейімен 
анықталады; халықаралық саясат белсенділігі мемлекеттердің халықаралық 
аренадағы өзара іс
-
қимылын, қызметін бейнелейді және олардың арасында 
әртүрлі салада екіжақты және көпжақты байланыс орнатады. 
Елдің сыртқы саясаты

мемлекеттің халықаралық саясатындағы 
жалпыәлемдік және ұлттық мүдделерін білдіруге қажет негізгі принциптерін 
нақты жүзеге асыру, өзге мемлекеттермен және халықтармен қатынастарды 
реттеу, тұтастай алғанда халықаралық процестерге тиімді ықпал жасау; бұл
мемлекеттің халықаралық саясаттың жалпы бағыты. 
Мақсаттар мен құралдар қатынасының бірлігі негізінде перспективалық 
мақсатқа жетудің ұзақ уақыттық жолдарын тиімді таңдау мен пайдалануды, 
меңгеруді бейнелейтін 
саяси
-
стратегия
ұғымы. Стратегия құралдары ретінде 
мемлекет бақылауында болатын, мемлекеттік билік органдары қолдануды 
жоспарлайтын және мемлекеттік стратегиялық мақсаттарға жету үшін 
пайдаланатын мемлекет ресурстары (материалдық және рухани) танылады. 
Саяси дипломатия
деп халықаралық шиеленістерді тоқтату немесе 
реттеу, ынтымақтастықты ұлғайту және тереңдету мақсатында келіссөздер 
жүргізу мен өзара тиімді ізденістер өнерін атайды. Дипломатия 
-
«күш 


147
факторын» пайдаланудың «мәдениетті техникасы», «мәжбүрлеу техникасы», 
«реттеу процедурасы» және «келісімге жету техникасы» деп те анықтау жиі 
кездеседі. Кеңінен алғанда саяси дипломатия өз өкілдіктері бойынша сыртқы 
саяси қатынастар жүргізуші мемлекеттік мекемелердің ресми қызметін, әрбір 
мемлекеттің шет елдердегі өз мүддесін қорғау мен жүзеге асыру қызметін 
атқарады. 
Мемлекеттер арасындағы қатынастар халықаралық аренада екі және 
көпжақты келісімдер тұрғысында тіркелген халықаралық құқықтар, нормалар 
мен принциптер арқылы реттеледі. Олардың аса маңыздылары: БҰҰ Жарғысы, 
БҰҰ Бас Ассамблеясының БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекеттер арасындағы 
достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқық 
принциптері туралы Декларациясы, ЕҚЫҰ
-
ның Қорытынды актісінде 
сипатталған қатысушы мемлекеттердің өзара қатынасындағы басшылыққа 
алатын принциптер Декларациясы.
Халықаралық қатынастарға қатысушылар 
“актор”
терминімен аталады. 
Бұл сөз қатысушылардың әрқайсысы халықаралық қатынастарға айтарлықтай 
ықпал етіп, халықаралық саясатта белгілі роль атқаруын, қандай да бір іс
-
қимылды жүзеге асыруын сипаттайды. Айта кету керек, халықаралық 
қатынастар акторлары сахна актёрларына өте ұқсас. Ал, актерлардан 
өзгешелігі, тәртіп тәсілін жалпыға танылған нормалар шеңберінде ғана таңдай 
алады.
“Актор” терминіне мағынасы жағынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет