Саясаттану



Pdf көрінісі
бет46/52
Дата17.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#117141
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52
Байланысты:
httpkaskasu.kzwp-contentfilesotemisov karabala saisat.pdf

“Саяси идеализм”: 
утопия, морализм, 
легализм. (Д.Перкинс, 
Ф.Танненбаум, Дж.Шоттуэл, Т.Кук, М.Мус, В.Дин, Р.Кларк, Л.Б.Сон т.б.) 
әлемдік саясатты құқық және мораль тұрғысынан қарастырады. Зерттеулердің 
негізгі тақырыбы 

халықаралық қарым
-
қатынастарды халықаралық құқық 
нормаларымен, адамгершілік негізде және әділеттілікпен реттеу. 
“Модернизм”
(К.Райт, М.Каплан, К.Дайч, Д.Сингер, Э.Ханс және 
басқалары) 

бұл “эмпирикалық талдау” теориясы, саясатты жүйелеп талдау 
үлгілері. Олар реттілік “ғылыми” айқындауға, нақты ғылымдардың (физика, 
кибернетика, математика, психология) зерттеу әдістерін пайдалануға, 
“бейидеологиялық” жиынтық пен фактілерді және нақты халықаралық 
процестер индикаторларын сандық зерттеуге, эмпирикалық талдауға 
негізделген. 
“Трансұлттық”: 
әлемдік дамудың өзара байланыстылығы, әлеуметтік
-
экономикалық артта қалудан және саяси тәуелді болудан сақтандыру теориясы. 
Өкілдері: Р.О.Коохейн, Дж.Най, Дж.Розенау, Д.Митрани және т.б. 
халықаралық қатынастың басты атқарушысы ретіндегі мемлекеттің ролі 
туралы классикалық тезиске күмән келтіреді. 
1980 жылдардың басынан бастап еуропалық теориялық саяси ойлау 
жүйесіне мемлекетаралық әлеуметтік жақындасу факторлары күшті әсер етті. 
Ол бәрінен бұрын 
халықаралық қатынастар әлеуметтануының,
француз 


145
мектебінің қызметінің ерекшелігі болып (Ш.Заргбиб, Д.Дрейфюс, Ф.Моро 
Дефарж, П.
-
Ф.Гонидек, Ш.Шомон, Р.Арон, Г.Бутуль, Ж
-
П.Деррьеник, Р.Боск, 
Ж.Унцингер, М.Мерль) халықаралық қатынастар “саяси реализм” сипатында 
зерттелді.
Халықаралық 
қатынастардың 
француздық 
мектебіндегі 
ерекше 
бағыттардың бірі 

нақты және жаратылыстану ғылымдарының әдістерін 
пайдалана отырып, “ұжымдық арандатушылық” ұстанымын (соғыстарды, 
шиеленістерді) зерттейтін 
полемология
(Г.Бутуль, Л.Пуарье, Ж
-
Л.Аннэкэн). 
Полемологтар көзқарасына үңілсек, соғыс 

қоғамның динамикалық барысын 
білдіретін күрделі әлеуметтік феномен ұжымдық имитацияның (диалог пен 
мәдениетті пайдалану) басты факторы, өркениет жалғасуының тиімді үлгісі, 
соғыс
-
техникалық прогрестің қозғаушы күші, қоғамдық өмірде өз нәтижесін 
беретін маңызды, өтпелі үлгісі ретіндегі тең қалыптылықты бұзу мен қалпына 
келтірудің қайнар көзі. 
Марксистік парадигма
экономикалық детерминизм мен таптық 
көзқарас халықаралық қарым
-
қатынастардың, үстемдік пен бағынушылықтың, 
таптық күрес пен революциялардың теориялық алғы шарты ретінде түсіндірді.
Халықаралық қатынастар теориясының қазіргі кезеңі 

ғылыми 
зерттеулердегі жаңа әдістемелердің пайда болуымен, бұрынғы концепциялық 
құрылымдарға тән кейбір ережелерді ревизиялау проблематикасының 
күрделенуімен сипатталады. Мысалы, 
“неомарксизмнің”
өкілдері (П.Баран, 
П.Суизи, С.Амин, И.Валлерстайн және басқалары) осы замандық әлем 
тұтастығын халықаралық қатынастарда пайдалану мен бағыну элементтерін 
сақтауды, оның өзара байланыстарының симметриялық еместігін мойындайды. 
“Неореализм”
(“
құрылымдық реализм”, “структурализм” (К.Уолц, 
Р.Гилпин, Б.Базан, Д.Грейко) бір жағынан ұлы державалардың өзара іс
-
қимылының нәтижесінде біріккен халықаралық жүйе құрылымын талдау 
барысында пайдаланылатын “саяси реализмнің” басты ұғымының маңызын 
жоғары бағалайды. Ал, екінші жағынан, “неореализм” белгілі бір дәрежеде 
“модернизммен” (халықаралық процестерді зерттеу әдістемесі) және 
“трансұлтшылдықпен” (жекелеген мемлекеттерді жаһандану жүйесінің 
элементтері ретінде тану) жақындасады. 
Халықаралық қатынастарды ғылыми зерттеудегі жаңалық болып нақты 
деректер негізінде модельдер құру, халықаралық саясаттың нақты мәселелерін 
зерттеуден тұтас ішкі өзара байланыстағы әлемдік қауымдастық, халықаралық 
тәртіп проблемаларын талдауға, халықаралық қатынастарды әлемдік даму 
процестерінің құрамдас бөлігі ретінде түсінуге өту саналады. Бұны 
“тәртіптелген өзгерістер”, “әлемдік дамуға бағытталған”, “орнықты даму” 
концепцияларының пайда болуы айғақтайды.
Халықаралық қатынастар проблемасында жоғарыда аталған бағыттармен 
қатар әлемдік, халықаралық және ішкі саясат болып жіктелуі саяси ғылымда 
маңызды орын алады. 
Ең алдымен,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет