232
деп таныстырды. Сол Тимурдан: «Неге айқайлап жатырсыңдар? Мен
жаңадан келген адаммын. Менің сырымды білмейсіңдер?
Маған неге
қарсы боласыңдар?» дегенде, Тимур: «Сіз бұрын Қазақстанда қызмет
еткен жоқсыз. Қазақ халқының кім екенін,
оның мінезін, салт-дәстүрін,
тілін, дінін, жер жағдайын, экономикасын білмейсіз. Сіз қалай бастық
болуға келісіміңізді бердіңіз?» деген сұрақ қойды. Колбин: «Біріншіден,
мені бұл жерге партия жіберді. Мен – партия солдатымын. Ал екіншіден,
салт-дәстүр, экономи ка тәрізді білмейтін салаларды білуге болады. Тіл
мәселесіне келгенде мен бұдан 1,5 жылдай бұрын Грузияда қызмет еттім.
Сол кезде грузин тілін жетік үйреніп алдым. Мен қазақ тілін де солай жетік
үйреніп алып, ке рек болса сендерге үйретемін» — деп жауап берді. Тимур
грузин тілін білсе керек, екеуі 5 минуттай грузин тілінде сөйлесіпті. Содан
әлгі бала: «Мен сіздің пікіріңізді түсіндім. Дұрыс», – деді. «Олай болатын
бол са, жолдастарыңа тарқасын деп айт,» – деп әлгілерді шығарып салды.
5-10
минуттан соң терезеден қараса, 500-дей жігіт алаңнан кетіп қалды деді
бізге.
Достарыңызбен бөлісу: