2-китап indd


«кезінде бүкіл түрк халықтары түгел пайдаланған



Pdf көрінісі
бет169/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

«кезінде бүкіл түрк халықтары түгел пайдаланған 
ортақ жазуға қайта оралу». 
Бірақ бүгінгі үрдістің бұрынғыдан бір 
айырмашылығы бар: егер бұрын латын жоғарыдан төменге міндеттеу 
түрінде қабылданса, бүгінде ол халықтың өз қалауымен, жаңа заман 
талаптарына сай, мемлекеттік тіліміздің биік мәртебесіне лайықты 
ұлттық жазуымызға тұрақты тұғыр (негіз) ту, туыстас халықтармен 
бірге болу сияқты ізгі мақсаттарға байланысты қабылдануы тиіс.
4. Латын жазуына байланысты пікір сайыстарында оппоненттердің 
ылғи көлденең тарта беретін бір сұрағы: «Бүгінгі еліміздегі 
экономикалық қиыншылықта жазу ауыстыру деген не?»


428
Әрине, бұл заңды сауал және оған жауап беруіміз керек, өйткені 
жазу ауыстыруға қаражаттың керек екені рас. Бірақ бұл жерде екі 
түрлі нәрсені ескеру қажет сияқты: Оның бірі – «Бұдан жаман күнімде 
де тойға барғанмын» деген қазақтың бір мысал сөзі. Шынында да біз 
сонау қиын-қыстау жылдардың өзінде (араб-төңкерістен кейін, латын 
- 1929 ж. , кирилл – 1940 ж.) ешбір экономикалық қиыншылықтарды 
сөз етіп жатпай-ақ, ың-жыңсыз бір емес, жазуымызды үш рет өзгертіп 
келген Қазақстанның бүгінгі жағдайы дәл сол кезден сорлы емес. 
Мәселе басқада болып отырғанын біз жақсы түсінеміз (ол туралы 
төменде айтылады). Егер мемлекетіміз өтпелі дәуірдегі экономикалық 
қиыншылықтарды ескере отырып, өзінің шынайы тәуелсіздігін сезіне 
алса, қоғамдық пікірлермен санаса білсе және жазу өзгертуді мемлекет 
үшін қажет деп тапса, «алынбайтын қамал жоқ» дегендей, мәселені еш 
қиындатпай-ақ шешуіне болады. Жазуларын өзгерте бастаған көршілес 
республикалардың бізден асып жатқан экономикалық жағдайын біз 
көріп отырғанымыз жоқ. Оның үстіне, бұл мәселені «дәл қазір, қолма-
қол шешу керек» деп отырған да ешкім жоқ қой. Латын әліппесін ресми 
қабылдаған және қабылдамақшы туыстас (әзірбайжан, түрікпен, өзбек, 
қырғыз, т.б.) көршілеріміздей біздің де оған бірден емес, асықпай, 
біртіндеп, барлық дайындықты жасап алып барып, бер жағы 5 жыл 
ішінде, ар жағы ХХІ ғ. басында көшсек те болатын сияқты. Бірақ ол 
үшін латын әліппесін алу, алмау мәселесі принципінде қазір шешілуі 
керек.
5. Әліппе өзгертуге байланысты пікірталасында көп айтыла беретін: 
«жазуымызды алма-кезек өзгертуден шаршамадық па, сауатсыз болып 
келгеніміз, көптеген рухани мұраларымыздан мақұрым болғанымыз 
бізге әлі аз ба еді?» деген қитарлау сұрақ. 
Біріншіден, жазуымызды үш мәртебе ауыстыруға байланыстаы қалың 
жұртшылықтың көп жылдар беделінде толық сауатты бола алмай келгені 
рас. Өйткені халқымыздың жаппай сауатсыздығы ертеден-ақ келе жатқан 
дерт еді ғой. Оның үстіне жазудың бірінен кейін бірін ауыстыру оңай болған 
жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет