430
Рас, біз көптеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері жасайтын
мемлекетте тұрамыз. Ұлт өкілдері мен жергілікті қазақ халқының
сандық ара қатысы латын әліппесін қабылдап жатқан көршілес түрк
республикалардан мүлдем басқаша. Жазу ауыстыру мәселесінің осы
күнге дейін ресми түрде сөз болмай келуі де, міне дәл осы жағдайға
байланысты екені айдан анық.
Біздің ойымызша, мемлекеттік
мәртебеге жаңа ғана қолы жетіп отырған қазақ тілінің жазуын
өзгертуден басқа ұлт өкілдеріне келіп-кетер еш нәрсе жоқ сияқты.
Сондықтан да қазақ тілін үйренгісі келмейтін жерлестерімізге
қазақ жазуының кирилл болғаны не, латын болғаны не –бәрі бір емес
пе? Қайта міндетті түрде шетел тілдерін оқитын барлық халықтар үшін
мемлекет тілінің латын әліппесін қабылдауымыздың пайдасы болмаса,
зияны жоқ. Өйткені олардың (мәс. өзбек, әзірбайжан, қырғыз, татар, т.б.)
өз тарихи атамекендерінде де латын жазуына көшкен, не көшпекші.
Әрине, ұлттың өзі болып бастаған осы бір ізгі әрекетті дау
іздеушілер, «сыныққа сылтау» таба алмай жүргендер «ойбай, қазақтар
жазуларын өзгертіп жатыр» деп, дабыра етуі де, «мұның арты не
болар екен?» деген күдік пен күмән тудыруы да мүмкін. Бірақ қазақ
тағдырына парасаттылықпен қараған саналы азаматтың бұл мәселені
дұрыс түсінуі де ықтимал. Ойлануға да, толғануға да уақыт та ( ХХІ ғ.
дейін) жеткілікті.
7. «Латын әліппесіне байланысты қазақ диаспорасының жағдайы
қалай болмақ?» деген өте орынды сұрақ та қойылып жүр.
Бұл бүгінгі таңда үш түрлі (араб, латын және кирилл) жазудан
пайдаланып отырған қазақ диаспорасының (яғни жақын, алыс
шетелдерде жасайтын үш қазақтың бірінің) тағдырына байланысты
мәселе. Егер белгілі бір себептермен кирилл жазуында қала берсек, онда
ҚХР, МХР, Ауған, Иран, Түркия, т. б. елдерде жасайтын қандастарымыз
болса, олар сол елдердің азаматы ретінде мемлекеттік жазу деп таныған
латынға көшуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: