429
шет тілі арқылы үйренгендер үшін оның оқу мен жазуын меңгеру, шындап
кіріссе, бас-аяғы екі-үш сағаттан екі-үш күнге ғана созылуы мүмкін.
Екіншіден, шынында да, жазуымызды бірінен кейін бірін
ауыстыруымыздан рухани мәдениетіміздің біршама тоқырағаны рас.
Бірақ ұтылғанымыздан ұтқанымыз көбірек сияқты.
Елу жылдық жазба
мәдениетіміз соның кепілі. Соның өзінде де жоғалттық деп жүргеніміздің
бірі болмаса да, көбісі-ақ қалпына келген тәрізді: кейінгі ұрпақ жөнді оқи
алмай жүрген араб, латын жазуларындағы көпшілік қолды шығармалар
негізінен кирилге қотарылып болған көрінеді.
Бұл әрине, басы артық
шығын.
Дегенмен, қажеттілік одан да артық қой. Әйтпесе, Қытайдың
Шинжаңындағы қазақ туыстарымыз бізде
шыққан том-том кітаптарды
арабшаға қотарып, басып шығарар ма еді?
Үшіншіден, латын жазуы сөз бола бастағаннан бері (бұрын ондай
әңгіме көп болмайтын) онымен бір кезде
Ахмет Байтұрсынұлы реттеп,
жеңілдеткен арабтың төте жазуын таластырушылар да табылып жатыр. Егер
бүгінгі жазу мәселесі тек қана қазақ тіліне байланысты болса, мүмкін, бұл
ұсыныстың салмағы басқашалау болар еді.
Бүгінде мәселенің қойылуы
мүлдем өзгеше, әйтеуір жазу өзгерту емес, бүкіл түрк қауымдастығын
жақындата түсетін ортақ жазуды сайлау керек боып отыр ғой.
Ал түрк
әлеміндегі араб жазуының мәні мен дәстүріне келсек, онда түрк, өзбек,
әзірбайжан, татар,түрікпен халықтарының алдына түсу бізге қиын болар
еді. Олардың ғасырлық жазба дәстүрі араб жазуына байланысты. Соның
өзінде де бұл халықтар латын жазуын таңдап алып отырған жоқ па? Осы
арада бір нәрсенің басын ашып кеткен жөн ғой деп ойлаймыз. Бүгінде
қазаққа «араб жазуын үйренбе» деп жүрген адам жоқ. Әрбір сауатты адам
ол жазуды білгені жөн. Біз де жастарды соған үгіттеудеміз. Бұл, әрине,
басқа мәселе.
6. Латын мәселесіне республикамыздағы этнодемографиялық
жағдайдың да қатысы бар екені сөзсіз.
Рас, біз көптеген ұлттар мен ұлыстардың
өкілдері жасайтын
мемлекетте тұрамыз. Ұлт өкілдері мен жергілікті қазақ халқының
сандық ара қатысы латын әліппесін қабылдап жатқан көршілес түрк
республикалардан мүлдем басқаша. Жазу
ауыстыру мәселесінің осы
күнге дейін ресми түрде сөз болмай келуі де,
міне дәл осы жағдайға
қарайлауға байланысты екені айдан анық.
Достарыңызбен бөлісу: