468
отыр. СССР-дің барлық халықтарының ұлтаралық қатынасының ортақ
құралы болған ол біздің Советтік Қазақстанға да тән. КПСС Орталық
Комитетінің Бас секретары, СССР Жоғарғы
Советі Президиумының
Председателі Л. И. Брежнев жолдастың «Тың» атты еңбегінде біздің өлкеміз
«жүз тілдер елі» деп босқа айтылмаған. Осы ұлы қатынас құралы арқылы
Советтер Одағындағы 120-дан аса халық бір-бірімен түсінісіп, жарқын
болашаққа қарай бір сапта нық адымдауда.
Біздің көп ұлтты еліміздегі тілдік қатынас мәселесі кездейсоқтық
емес. Өйткені көсеміміз В. И. Лениннің өзі кезінде Отанымыздағы
халықтардың ана тілдеріне деген толық еркіндігі
болуы керектігін атап
өте отырып, мемлекеттік тілдің
функциясын орыс тілі атқаруы қажет
екендігін мақұлдаған болатын. Сондықтан да оған байланысты туындаған
проблемалар үкіметіміз бен партиямыздың ұлттық саясатының ажырамас
бір бөлігі ретінде және маркстік-лениндік ілімнің негіздеріне сай қаралып
мемлекеттік саясат деңгейінде дұрыс та айқын шешіліп келеді.
Советтік шындық лениндік идеялардың өміршеңдігін дәлелдеді.
Бүгінгі күн мысалдарынан көріп отырғанымыздай ұлы орыс халқының
тілін біздің еліміздің халықтары, сонымен бірге Советтік Қазақстан да өз
еркімен қабылдады. Сондықтан да ол ұлтаралық қатынастың құралына
айнала отырып кейбір орыс емес ұлт өкілдері үшін тіптен екінші ана
тілі болып қалыптаса бастады. Совет адамдары қазіргі таңда оны
құштарлықпен үйренуде. Себебі бұл достық пен туысқандықтың, ғылым
мен техниканың тілі, сонымен қатар бұл мәдениет пен прогресс тілі. 1970
жылы жүргізілген санақ мәліметіне қарағанда (ол кезде біздің елімізде
240 миллион адам болған, оның 129 миллионы орыстар) өзіміз сөз етіп
отырған тілді ана тілі ретінде қабылдаған жандардың мөлшері 141,8
миллионға жеткен. Соның ішінде оның 13 миллионы өзге ұлттардың өкілі
еді. Ал 42 миллион орыс емес ұлттың өкілі оны екінші ана тілі ретінде
қабылдаған. Бұл еліміздегі 184 миллион адам өзіміз әңгіме етіп отырған
тілде сөйлей алады деген сөз. 1979 жылғы деректе біздің қазақ халқының
52,3 проценті орыс тілінде еркін сөйлесе алатын болып шықты. Бұның
өзі кейбір одақтас республикалармен салыстырғанда жоғары көрсеткіш.
Ал, осы қатынас құралының халықаралық беделіне келетін болсақ, қазір
дүние жүзіндегі 500 миллионнан аса адам орыс тілін білетін болып отыр.
Орыс тілінің байланыс құралы ретінде кең ауқыммен өсе түскеніне
қарап, бұдан өзге жергілікті ұлттық тілдердің
ролі төмендеді деген
ой тумаса керек. Ол шет елдегі буржуазия идеологтарының даңғаза
пікірлеріне мүлде керісінше өрістеп келеді. Мәселен, біздің елімізде
469
орыс тіліне қандай даңғыл жол ашылса, басқа да
ұлт тілдерінің дамуына
сондай жағдай жасалған. Оған Совет Одағындағы халықтардың ертедегі
жойылуға тақау қалған және олардың дәуір деңгейіне қарай кенжелеп
дамыған 70 тілінің аз мерзім ішінде қайтадан әдеби нормаға келгенін,
соның ішінде 50 тілдің тек Совет өкіметі тұсында ғана алғаш рет жазбаша
сипатқа ие болып, көпшілікке танылуын айтуға болады.
Сонымен бұл бағытта қазір екі жақты процесс жүріп жатыр:
біріншісі, барлық ұлттық тілдер еркін де
тең жағдайда дамып жатса,
екінші жағынан, біздің еліміздің халықтары арасында орыс тілінің
ұлтаралық қатынас құралы ретінде маңызды роль атқаруы. Мінеки,
осыған қарап ұлттық аудандарда қос тіл тең жағдайда дамып отырғанын
байқаймыз. Буржуазия идеологтары бұл процесті неғұрлым теріске
шығаруға тырысады. Себебі, олардың ойынша күшті әлсізге немесе көп
азға жүре келе үстемдік етеді деген байбалам. Мұның теріс те қате пікір
екенін уақыттың өзі дәлелдеуде.
Адамзат тарихында екі және көп тілді процесс бүгін ғана ашылған
жаңалық емес. Ол ежелгі заманнан бері Батыста да, Шығыста да болған
жай. Бұл жөнінде бізге дейін Қашғари, Фирдоуси, Физули, Навои сияқты
ойшылдар өздерінің классикалық туындыларында жақсы айтқан.
Дегенмен көп ұлтты Совет мемлекетінің жағдайында екі тілді процестің
бұрын болған, айтылған процестерден айырмашылығы тіптен басқаша,
дәлірек айтсақ әлеуметтік салмағы өте күрделі. Соның нәтижесінде
ол біздің елімізде көтерер жүгінің көлемділігі, бұқаралылығы, даму
перспективасының ауқымдылығы жағынан
советтік қоғамымыздың
одан әрі дамуына тиімді жағдай туғызып отыр.
Біздің туған халқымыз еліміздің басқа да халықтары сияқты ұлы
Лениннің тілін еркін меңгеріп, еркін сөйлей алады. Ол таңғажайып
мәдениет пен әдебиетті тудырған тіл.
Қазір Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылуының 250 жылдық
мерекесі жақындап келе жатыр. Өткен жылдар қатпарында қашанда ұлы
оқиғалар тізбегі жатады. Екі халықтың достығы екі жарым ғасырлық
осы уақыт ішіндегі сындарда құрыштай шынықты.
«Лениншіл жас», 1982. 17 сәуір.
Достарыңызбен бөлісу: