2-китап indd


«Тіл – Елбасыға да бір сын»



Pdf көрінісі
бет51/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

«Тіл – Елбасыға да бір сын»
деп, тіл мәселесін бір адамға жүктесек 
те, оның түбегейлі шешіліп, қоғам өмірінде баянды болуы көп жағдайда, 
атап айтқанда, лауазымды үкімет басшыларының ниет-пиғылы мен мүдде-
мақсатына да, Елбасының қолдап-қуаттауына да тікелей байланысты. 
Алайда, Елбасы «тіл, тіл!» деп, қанша жар салып, ең алдымен өз төңірегінен 
қызу қолдау таппаса, оның жанайқайы жартастан шыққан жаңғырық болып 
қала бермекші.
Бұл жағдайды біз өз өмірімізден көріп келеміз. Шыны керек қой, 
Конституция бойынша қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беруден бастап, тіл 
туралы екі рет заң қабылдауда, тілдерді дамытудың бағдарламасын бекітуде, 
тіл саясатының стратегиясын айқындауға дейін Президент Нұрсұлтан 
Назарбаев тілге деген перзенттік борышын ақтаудан бір сәт те ауытқып көрген 
жоқ. Ол 
«Қазақстанның азаматтары Мемлекеттік тілді құрметтеуі тиіс, 
үкімет құрылымындағы лауазымды адамдар оны білуге міндетті. Бірақ 
бұл мәселені бірден шешу қиын, «батпандап кіріп, мысқалдап шығатын 
ауру» сияқты оны біртіндеп шешкен жөн»
деген пікір қайталаумен және 
осы саясатын іс жүзіне асыруға әрекеттенумен келеді. Мемлекеттік тіліміздің 
бірден болмаса да, біртіндеп ілгері басуының нышанын, кейінгі кезде 
байқалып отырған кейбір серпілістерін жаңа үрдістерден көріп отырмыз. 
Ал оның тіл тағылымын биік тұғырдан таныта бастаған жеке басының үлгі-
өнегесі туралы реті келгенде бір ауыз сөз айту артық емес сияқты.
1998 жылдың соңғы қараша, желтоқсан айларында Президенттікке 
үміткерлерден мемлекеттік тіл бойынша емтихан алуға куәгер болғандықтан, 
соны еске ала кеткенімізді мақұл көрдік. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бұл 
бастамасы тарихта бұрын-соңды болмаған батыл қадам еді. Ана тіліне бас 
иіп перзенттік парыз өтеудің символдық ишарасы болды...
Мемлекеттік тіл тек Президентке ғана емес, халыққа қызмет еткісі келетін 
лауазым иелерінің қай-қайсысына болса да, мейлі ол Премьер-министр, 
мейлі спикер, немесе әкім, министр – баршасына қажет қой. Осы тұста бұл 
қалай дейтін бір мәселені айта кеткен жөн. Ата Заң мерекесі тұсында ҚР 
Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясында бос мемлекеттік әкімшілік 
лауазымдарға конкурс бойынша іріктелген 12 қызметкер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет