2-китап indd


Мемлекеттік тіл мен мемлекеттің қарым-қатынасы



Pdf көрінісі
бет50/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Мемлекеттік тіл мен мемлекеттің қарым-қатынасы.
Қазақ 
халқының тарихи тағдыры сөз бола қалғанда, жоғарыда айтылған 
Жұбан ақынның белгілі қанатты сөзі еске алынады. Шынында да 
солай: қазақ халқы өсіп-өркендеу, өз мемлекеттілігін қалыптастыру 
жолында қилы-қилы замандарды, атап айтқанда, іргелі ел болып, 
дәуірлеген кезеңдерді де, жер бетінен жойылып кетуге шақ қалған 
нәубетті жылдарды да басынан кешіргені белгілі. Ата-бабамыздан 
асыл мұра болып келе жаткан 
үш асыл қазынаны – елдігімізді
ұлан-байтақ жерімізді, қасиетті де бай тілімізді
– аман-есен сақтап, 
болашақ ұрпақка мұра етіп қалдыруда барлық мәселені алыстан болжап 
шешіп, елдігімізді сақтап қалуға ұйытқы болған алғыр жандарымыз 
бен билеріміздің, хас батыр бабаларымыздың ерен еңбегі мен ерлігін 
айтып жеткізу қиын.
Ұлан-байтақ жерін қорғап, елдігін сақтаудың тағы бір басты 
шарты – 
сол елдің тілін сақтау
. Этностардың тұтас бір халық болып 
қалыптасуындағы аса маңызды да қажетті рухани ұйытқысы оның тілі 
екенін туралы біз талай рет айттық.
Алайда, күні бүгінге дейін елдің елдігін, жердің тұтастығын, 
рухани- мәдени өміріміздің бірлігін сақтауда қазақ тілінің мемлекеттік 
тіл деңгейінде атқарып келген биік мәртебесі туралы біз сөз еткен 
емеспіз.
Міне, сондықтан да болар, «тіл мен мемлекет қарым-қатынасында» 
мемлекеттік тіл үшін ашық «қанды күрестер» болмаса да, «қансыз 
күрес» қоғамдық өмірде кейінгі он жыл бойында бірде-бір толастамай 
жүріп жатқанын біз білеміз. Осы орайда, ең бірінші мәселе: 
«Тілді – 
мемлекеттік рәміздердің бірі»
деп білу. Ол мемлекеттік ту, мемлекеттік 
әнұран, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік шекара, мемлекеттік 
құрылым, мемлекеттік ақша сияқты рәміздердің (символдардың) 
қатарынан орын алады. Елбасымыз айтқандай, тілді тіпті бірінші 
қатарға шығару керек болар. Демек, оны заты қазақты былай қойғанда, 
бүкіл Қазақстан азаматтары түгел құрметтеуге міндетті.


111
Алайда, біздің бүгінгі қоғамда міндет пенен құрметтің ара-жігін 
ажырата алмаушылық бар. Тілге деген құрметті өзінше «міндет деп 
түсініп, оған саяси астар беріп, әуре болушылар бар да, керісінше, 
«ана тілі алдындағы міндетті перзенттік борыш» деп түсінбей, өзіне 
жасалған қиянат, зорлық деп қарайтындар кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет