116
– Ұлт болып қалу жолында бұл мәселе сол кездің өзінде әр-әр жерде
қозғала бастады. Әсіресе, 1986 жылғы жастардың көтерілісінен кейін тіл
мәселесі қатты көтерілді. Желтоқсан көтерілісінен кейін, 18 желтоқсан
күні Мәскеуден Соломенцев бастаған бір топ комиссия Алматыға ұшып
келді. Сосын Ұлттық академияның залына барлық академиктерді жиып,
жиналыс өткізді. Сонда Колбин «Мен өзім өзге тілді үйреніп машықтанған
адаммын. Грузияда қызмет еттім, сол елдің тілін бір жылда оңай меңгеріп
алдым. Сондықтан, бір жылдан кейін мен қазақ тілінде де сөйлеп кетемін,
керек болса қазақ тілін өздеріңе түсіндіретін боламын» деген болатын.
Одан әрі ол жастардың қарсылығы туралы «Мен кабинетімде отыр едім,
бір топ қазақтың жастары келіп алаңда айғайлап тұрып алды. Сосын мен
көмекшімді шақырып сұрасам, ол маған жастардың «тіл мәселесімен»
келіп тұрғанын айтты. Сосын мен оларды кабинетіме шақырттым.
Алдыма келген оншақты қыз-жігіттен «басшыларың кім?» деп сұрап
ем, бір жігіт суырылып шығып «менмін» деді.
Аты-жөнін сұрасам
Тимур екен, одан «неге топталып жүрсіңдер, не проблемаларың бар?»
деп сұрасам, ол «бізде орыс тілінің басымдығы сонша, біз отбасымызда
отырып ата-анамызбен орыс тілінде сөйлесетін халге жеттік. Сонда қазақ
деген халық ұлт па, ұлт емес пе?!» деді. Сосын мен жастарға «Маған
бір жыл уақыт беріңдер. Бір жылдан кейін ел алдында баяндаманы қазақ
тілінде жасайтын боламын» дедім. Жастар тарқап кетті» деп өзін ақтауға
тырысты. Алайда, ол берген уәдесінде тұрмады.
–
Және қазақ халқын ұзағырақ басқарып отыра да алмады ғой.
Сонымен «Қазақ тілі» қоғамын құру жолында алғашқы қадам қалай
Достарыңызбен бөлісу: