2-китап indd



Pdf көрінісі
бет89/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Ана тіліміздің жанашыры
– 
Әбеке, қазақ елінің қара емендей қайыспас жүректі туған бір 
көш бастаушысы Ахмет Байтұрсынов кезінде халқының қам көңілін 
оятып, көзін ашу үшін «Тіл құрал» жасап, аруақты жұртының 
атымен «Қазақ» газетін шығарды. «Ана тілім – қазақ тілі таза бол, 
сұқ көзден сау бол!» деп ұрандап, туған тілінің қазыналы бай алқабын 
қарашығындай аялап қорғауды мұрат тұтты. Ол тіл тазалығына, 
қолдану аясының тарылмауына жанын сала атсалысып, күресумен 
өтті. Ұлы тұлғаны қанды қол жендеттік те, өлім де жеңе алмады. Аға 
ерлігі – ініге де үлгі, өнеге. Біз Сізді Ахаңның лайықты ізбасары ретінде 
көргіміз келеді.
– «Кемеңгердің көлеңкесі де ыстық» қой, қарағым, Ахаңдай болу 
қайда. Ол өзі халық секілді тума жаратылыс. Сол себепті де елдігіміздің 
іріп, бүлінбес рухани қорегі – Қазақ тілі мен грамматикасын төрт 
аяғынан тең бастырып, қазақ тіл білімінің телегей терең теңдігін ашты 
емес пе. Ал Ахаң салған сара жолмен шайқатылмай, тік басып жүре 
алсақ, оны өз басым мәртебе санаймын. Қазақ еліне, қазақ тіліне сол 
кісідей жанашыр, қамқор болу қазіргі таңда бәріміз үшін зор парыз.
– Ана тіліне көкөрім өмір, кең өріс тілеп, қажет болғанда ықтимал 
қарсылықтардан жасқанбай күресе білу. Сізге тән азаматтық қасиет 
екенін көзіміз жетті деп айта аламыз. Енді қазақ тілінің мемлекеттік 
тіл статусын алғаннан бергі хал-жағдайына тоқтала кетсеңіз.
– Қарлы қыстан соң жадырап жаз келетіні сияқты бұл өзі көңілімізді 
желпінтіп, көтеріп тастаған ірі жеңісіміз болды ғой. Бірақ тоқмейілсіп, 
жел сөзге, жалған мақтанға ерік беруге қақымыз жоқ. Себебі ата-баба 
топырағында аунап, өз жерімізде өмір сүріп жүріп тілімізді құртып ала 
жаздағанымызды еш уақытта естен шығаруға болмайды. Қазақ тілінің 
қолданылар аясы тарылып, от басы, ошақ қасында қалғаны да жасырын 
емес. Өз қағынан жерінген құландай ана тілінен безініп кеткен «без 
бүйректер» де көз алдымызда өсіп жетілді. Қазақшаңа емес, орысшаңа 
қарай қызметке алынып, «грамотный» деген шенге ие болдық. Тізе 
берсек мұндай келеңсіздіктер көп...


193
Алайда қайта құрудың, жариялылық пен демократияның бітеліп 
қалған бұлақ көзін ашқандай серпілісті әсеріне сүйсінбеу мүмкін 
емес. Ақыл-ойымызға буырқанысты жаңа екпін әкелді ол. Қазақ 
тілінің мемлекеттік тіл болуы соның жарқын көрінісі. Енді, мәселе 
тіл туралы заңның толық мағынасында жүзеге асырылуы. Бұл салада 
нақты жұмыстар қолға алынуда. Қазақ тілінің гүлденіп, өмірдің 
барлық саласында іркіліссіз қолданылуын қамтамасыз ету бағытында 
құрылған «Қазақ тілі» қоғамына күні бүгіндері миллионға жуық адам 
мүше болып отыр. Соның ішінде қазақ тілінің нағыз жанашырлары 
бола білген 10 мыңнан астам белсенді азаматтарымызға ерекше құрмет 
білдіргіміз келеді. Олар ауылдық жерлерде тамаша жұмыс жасап жатыр: 
іс-қағаздардың қазақ тілінде жүргізілуіне, жиналыстардың қазақ тілінде 
өткізілуіне ұйытқы болып, дұрыс жолға қойылуын қамтамасыз етуде.
Иә, тіл қоғамының еншісіндегі жұмыс ауқымы сан-салалы. Қазақ 
тілінде шығарылатын оқулықтарды көбейтуден бастап жаңадан 
балабақша, мектептер ашу секілді мағыналы істерге де тиісті үлесін 
қоспақ. Қоғам жанынан ашылған «Ғақлия» тіл үйрету орталығы да іске 
кірісті. Түрлі мекемелер мен ұйымдарда қазақ тілін үйренушілерге осы 
орталық көмектеседі.
Тағы бір айтып кетер қуанышымыз «Қазақ тілі» қоғамының басқа 
ел, басқа республикада тұратын бауырластарға игі әсерінің жетуі. Қазір 
Омбыда, Прибалтика республикаларының өз алдына жеке баспасы 
болуы да өмір талабы. Байқап, ойлап қараған адам бір ғана «Рауан» 
баспасы қазақ тілінде шығарылатын оқулықтармен бүкіл республика 
тұрғындарының қажетін өтейді деп айта алмайды. Сондықтан жаңадан 
баспа ашу ісін тезірек қолға алған жөн. Сайып келгенде қазақ тілінің 
болашағы үшін не қажеттің бәрін ел болып жұмыла жүзеге асыруға тиіспіз.
– Сіз айтқандай көп болып қолдап әкететін тағы бір үлкен шаруа 
– қазақ тілінде сөйлеуді күнделікті өмірімізде тереңірек орнықтыру 
десек, бұл салада әлі де жалтақтық, күдікшіл керенаулық, әліптің артын 
бағушылық басым жатқан сияқты. Әсіресе басшылар жағы баяғысынша 
«ортақ тілде» көсілте сөйлеуде. Ана тілімізде сөз бастарлық күнге қашан 
жетеміз осы!
– «Сабыр түбі – сары алтын» деп атаң қазақ біліп айтқан, шырағым. 
Дегенмен жайбасарлыққа ерік берсек, жолдан кешігетініміз және ақиқат. 
Өз басым жоғары өкімет мәжілісінде және басқа да келелі кеңестерде 
қазақша сөйлеуді әдетке айналдырдым. Қазақстан Компартиясы Орталық 
Комитетінің секретары Өзбекәлі Жәнібеков жолдас та маңызды бас 


194
қосуларда қазақша сөйлеп жүр. Сірә, анасының ақ сүтінің дәмі таңдайына 
келген әр қазақ өз ана тілінде тақылдап тұруға тиіс қой. Менің ойымша 
бұған бөгет жоқ. Тек батылдық, жауапкершілік болсын «Қазақ елі бір ауыз 
сөзім саған» деп жар салған Мағжан ақыннан үйренуіміз керек.
– 
Әбеке, Сізге ел-жұртыңыз сенім артып, Қазақ ССР халық 
депутаттығына кандидат етіп ұсынып отыр. Егер жолыңыз болып, 
рсспублика парламентіне мүшелікке сайлана қалсаңыз, қандай 
мәселелерге айрықша назар аударар едіңіз!
– Әуелі республика парламентінде қазақ тіл білімінің бір өкілі 
болуын қажеттілік деп санаймын. Ал өз басым қазақ тілінің жоғын іздеп, 
барын базарлап, елдің биік өресін аласартпай сақтап қалу жолында бұдан 
былай да жалықпай еңбектене беремін.
– Рахмет Әбеке! Сайлауда жеңіске жетуіңізге тілектеспіз.
«Алматы ақшамы», 1990. 25 наурыз. (Сұхбаттасқан Қ.Әбішев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет