2-китап indd



Pdf көрінісі
бет91/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

«Егемен Қазақстан», 1994. 29 наурыз.
Қия жол, қиын сапар 
Әрбір өткен жылға баланып, күнпарақтың бетіндей аударылысымен 
тарихқа айналып жатқан осынау бір аламан-топыр, алмағайып заманда 
халі мүшкіл, болашағы бұлдыр тартқан ана тіліміздің ғайыптан маңдайы 
жарқырап, мемлекеттік мәртебе (статус) алып марқайғанына да, міне, 
табаны күректей бес жыл толған екен. Бұл бір күрделі әлеуметтік 
құбылыстың мән-жайы мен қоғамдық өмірдегі маңызын болашақ 
ұрпақтың өзі бағалай жатыр. Ал бүгінгі таңда бұл халқымыздың 
рухани, мәдени өміріндегі келелі кезең, қоғамдық санамызда көпке 
дейін сақталатын тарихи оқиға болып қалуы сөзсіз.
Шынында да: «Тіршілік қарбалысымен тез өтіп кеткен осы 5 
жылдың мәні неде? – деген заңды сұраққа жауап беру үшін біз осы 
жылдардың бүгінгі биігінен соңымызға қарап, қол жеткен азын-аулақ 
табыстарымыз бен қателескен, қия басқан жолымызға, бір сүрініп, бір 
тұрып келе жатқан қадамдарымызға сын көзбен қаруымыз керек сияқты.
Сонда біздің байқайтынымыз: Тіл тағдырына байланысты қоғамдық 
өмірде қуаныш пен реніш, сүйіну мен күйіну алма-кезек тең түсіп, не 
жеңгенімізді, не жеңілгенімізді білмейтін беймәлім күй кешудеміз. 
«Тіліміз мемлекеттік мәртебе алды!» – деп жар салып, қалпағымызды 
аспанға атқан бір кездегі қуанышымыз да су сепкендей басылып, алабұртқан 
көңіліміздің де суына бастағанын несіне жасырамыз. Енді міне, арамыздан 
«тым ерте қуандыңдар» деп табалайтындар да табылып жатыр. Рас, 
қуанғанымызды жасыра алмадық. Бірақ, «қуанған да, қорыққан да – бір» 
дегендей, біздің ол айғайымыз бір жағынан қуаныш сезімін білдірсе, екінші 
жағынан апатқа ұшырап, теңіз толқынына көмілген кемедегі тұншыққан 
жандардың көмек сұрап (өркениетті елдерде оны «SOS!» деп атайды) 
шырылдаған жан айғайының жалғасы іспеттес еді.
Мүмкін, біздің бұл дауысымыз Тәңірдің құлағына шалынған шығар. 
Шынында да Тәңірге сенетіндер бұл мәртебені «қол жайып, құдайдан сұрап 
алдық» деп, ғайыбына, құпия күшке сенсе, енді біреулер «күш көрсетіп, 
тартып алдық» деп күпсінеді. Екі жорамалдың да қисыны бар сияқты, бірақ 
себебі басқашалау: бір жағынан, сол кездегі тепсе тебінгі үзетін партия мен 
тоталитарлық режимге жалынып-жалбарынғандай қылық көрсеткеніміз 


203
рас болса (басқаша талап қою мүмкін емес еді), екінші жағынан, санасы 
ояна бастаған қалың бұқараның қолдауына сүйеніп, мемлекеттік мәртебе 
талап еткеніміз де рас (қорқыту деген сөз орынсыз).
Ал мәселенің шындығына келсек, бұл өзгерістердің түп-төркіні 
80-жылдардың екінші жартысынан тартып, жүз бере бастаған еліміздегі 
жаңа демократиялық үрдісте жатыр. Қайта құрудың лебінен мұз еріп, 
сең жүретінін барша жұрт партияның сол кездегі съезі мен парламент 
мәжілістерінен-ақ байқай бастаған едік. Сол кездегі ел басшысы Колбин 
мырзаның: «Кремль не айтса, соны қолдаңдар!» – деп әбден «пысықтап» 
апарған Қазақстан депутаттары ұлт тілдерінің тағдыры додаға түсіп 
жатқанда, ана тіліміздің мүшкіл халы туралы (бір-екеуі болмаса) жұмған 
аузын аша алмай, ауылға оралған азаматтарымызды да барша жұрт жақсы 
біледі. Бірақ дүмпуі ішіне түскен бітеу жарадай болған бұл мәселенің сол бір 
үлкен мәслихатта, біздің депутаттар болмаса да, басқалар алғаш рет ашық 
сөз еткен болатын. Ал шынайы демократ, гуманист-академик А. Сахаров 
болса, ағынан жарылып, «КСРО-дағы халықтар өз алдына 44 дербес 
мемлекет болмай, оларда ұлттық мемлекеттік тіл болмай, бұл басталған 
демократиялық үрдіс тынбайды», – деп айтып та тастаған болатын 
(«Комсомольская правда» газетінде басылды).
Шынында да, көп ұзамай, КСРО құлады, тәуелсіз мемлекеттер бірінен 
соң бірі бой көтерді; олардың әрқайсысы өз ұлт тілдерін мемлекеттік тіл 
деп таныды. Кештің соңында біз де осыны қайталадық. Демек, Қазақстан 
Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге жеке өзінің ғана 
ие болуы осы тарихи даму тұрғысынан қарағанда заңды да объективті 
процесс еді. Алайда, бұл біреуді қуантса, енді біреудің іш қыжылын 
қайнатты. Бірақ демократиялық үрдістің алғашқы дүмпуімен бұл қыжыл 
бірден біліне қоймаған еді. Ол кейінірек байқалды: мемлекеттік тілге 
қарсылық басқа себептерден емес, тек орыс тілінің (орыс тілдерінің) 
мүддесін қорғау сылтауымен оның көптен бері жүргізіліп, әбден 
қалыптасып қалған өктемдігін сақтаудан туындағаны бүгінгі таңда 
толық айқындалып отыр. Бұл – өз алдына мәселе.
Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алған бес жылдығында 
айтылатын әңгіме бұл ғана емес. Егер біз мемлекеттік тіліміздің бүгінгі 
таңдағы алдынан шығып отырған тосқауылдар мен кертарпа әрекеттерді 
қоя тұрып, осы бір игілікті істің сонау бастауына көз жіберіп, зерделеп 
бақсақ, ең алдымен демократиялық толқыннан соққы алған ескілік есін 
жия алмай, жаңалық әлі есі кіре алмай тұрған қоғамдағы «өліара кезеңде» 
көрсетілген батыл іс-әрекеттер көз алдыңызға келеді. «Тіл тағдыры – ел 


204
тағдыры» деп ұрандатып шыққан «Қазақ тілі» қоғамы мен оның айбынды 
үні – «Ана тілінің» осы бес жыл беделінде тындырған істерін – қалың 
көпшіліктің санасын ояту арқылы тіліміздің төмендеп кеткен беделін 
көтеріп, мемлекеттік мәртебе биігіне шығарудағы ерен еңбегін, Тіл заңы 
мен оның бағдарламасын қабылдаудағы табандылығын, Тіл комитетін 
құруға аянбай атсалысуын, т.б. – ұмытсақ, ар алдында күнәһар боламыз.
Біле білсек, өткен он бес жыл – ол да тарих. Тарих қана емес-ау, тілді 
ту етіп, шеру тартқан тіліміздің мыңдаған жанашырлары мен қазақтың 
зиялы қауымы үшін бұл кезең ана тілінің алдындағы азаматтық парыз 
бен перзенттік борыштың өтелуге тиіс сәті еді. Оны абыроймен ақтаған, 
ақтап келе жатқан азаматтар да арамызда аз емес.
Бірақ, «бес саусақ бірдей емес» дегендей, ел басына келген осынау 
бір қатал сында сыр беріп алғандар да жоқ емес. Алғашқы дүрмекпен 
елдің алдына озып, тіліміздің жоғын жоқтап, зарын зарлап, айғайға 
аттан қосқан азаматтардың біразы ұзаққа шаба алмай, өз күйін күйттеп 
кетсе, енді біразы «өйту керек, бүйту керек» деген өсиетін, ақылын 
айтып, «осымен істі тындырдым» деп жайымен кетті. Тілімізге берілген 
мемлекеттік мәртебе – бір рет берілетін сый-құрмет емес, мемлекеттің 
дербес өмір сүруіне қажетті алғышарт, рәміздердің бір екенін, ол үшін 
ел-жұрт болып ұзақ жылдар бойы табанды түрде күресу қажет екенін 
әлі күнге дейін біреу түсінсе де, біреу түсінбей келеді. Бір-екі жылда 
оны төрт аяғынан тік тұрғызғысы келетіндер, сан алуан кертартпа, 
кедергіден жүрмей жатқанын көріп, кейбіреулер одан күдерін үзіп, 
күрес сапарынан етегін қағып, шығып кетіп жатса, енді біреулер 
«жығылған үстіне – жұдырық» дегендей мемлекеттік тілді даттаумен 
шұғылдануда. Ал енді тағы біреулер болса: «Қазақ тілі орыс тілін 
ығыстырып жатыр, оны екінші мемлекеттік тіл етіп алмасақ, күні 
қараң болады», – деп байбалам салуда. Мұндай қауесетті әдетте орыс 
халқының атынан сайлау алдында, алқалы жиындарда сөйлеп, өзіне 
саяси ұпай жинау үшін, ұлттар арасына іріткі салуға жаны құмар 
кейбір орыс тілді саясаткер, экстремистердің айтатынын біз жақсы 
білеміз, олардың мақсатын да түсінеміз. Ал енді дәл осы мәселелерді 
қазақ бауырларымыздың өздері көтеріп, отқа май құйып отырғанын 
көргенде, «Әй, қазағым-ай, қашан ел болар екенбіз!» – деп жүрегіміз 
қарс айрылады. Сөз жүзінде мемлекеттік тілді қолдаған болып, іс 
жүзінде міз бақпай, биік-биік мінберлерден тек орысша сөйлеп, өз тілін 
менсінбей отырған басшылар мен парламент мүшелері болса анау.
Несін жасырамыз, соңғы бес жылдың ішінде, бүкіл әлемдегідей, 


205
қазақ қауымында да бес ғасырға балайтын жаңалықтар жүз беріп отыр. 
«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда – қазан» дегенді қоғамның бүгінгі 
жаңару, жаңалану қарқынын жоққа шығарып, оны мешеулік, мимырт 
тіршілік деп отыр. Ескі қоғамның ішінен жаңа, мүлдем басқа бір қауым 
өсіп келеді. Ол –бүгінгі нарықтық экономика үрдісінен өріс алып, елден 
ерекше жон арқасы шодырайған, қимыл-әрекеті шалт, қалтасы қалың, 
жүрісі кердең, сөзі шүлдір жандардан тұрады. Бұл қауым жаңа заманға 
қажет-ақ шығар, біраз бұларға – мың жерден мемлекеттік мәртебе 
алса да – ана тілінің көк тиындық қажеті болмай отыр. Ал келешекте 
мемлекеттік тілдің тағдыры осы қауымның қолына өтсе, бүгінгі көрген 
күнімізбен де жылап көрісетін шығармыз.
Міне, бүгінде 5 жасқа толған мемлекеттік тіліміздің өмірге келуі 
үлкен қуанышпен аталса да, әлі күнге дейін тұсауы кесілмей, бір тұрып, 
бір жығылып, мимырт күй кешуі де қазақ қауымын қатты алаңдатып 
отыр. «Қазақ тілі» қоғамы, Тіл комитеті болып халықтың рухани 
мәдени байлығы мен салт-дәстүрін сақтаушы қасиетті қазына – ана 
тіліміз үшін халық арасында істеп жатқан игілікті істері аз емес. Бірақ 
бұл – күрестің тек басы ғана, бұқаралық қозғалыстың аяғы әлі алыста. 
Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып қалудың басты шарттарының бірі 
– мемлекеттік тілімізді сақтау, оны дамытып, келер ұрпаққа мұра етіп 
қалдыру. 
«Ана тілі», 22 қыркүйек 1994ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет