ҚР
эрозияға бейім аймақтары
Топырақ эрозиясы туралы түсінік
.
Жер өңдеу кезінде топыраққа
интенсивті ықпал жасау оның құрылымы мен құрылысының «бұзылуына және
табиғи топырақ құралу процесі бағытының өзгеруіне, ең соңында эрозия
құбылысының пайда болуына әкеп соқтырады.
Эрозияның қатерлі, тіпті
апатты зардабын сезіну үшін оның мәнісін терең түсіне білу керек. Сонымен
топырақ эрозиясы
дегеніміз —
оның желдің немесе судың (жаңбыр мен қар
сулары, қолдан берілетін сулар) күшімен бұзылып басқа бір алыс не жақын
жерге барып шөгуі. Эрозия кезінде топырақтың майда, құнарлы бөлігі сумен
шайылып, желмен ұшып кетеді де, оның құнарлылығы кемиді. Табиғатта 2,5
см ғана қарашірік қабаты түзілуі үшін 300
-
ден
1000
жылға дейін уақыт керек.
Осыдан
-
ақ
топырақты қорғаудың, танапта эрозия болмауын ойластырудың
өте қажет екені көрініп тұр.
Эрозияның пайда
болу факторлары
. Топырақ эрозиясы негізінен екі топ
фактордың әсерінен пайда болады, атап айтқанда: а) табиғи факторлар; б)
адамдардың шаруашылық іс
-
әрекеті (антропогендік фактор).
Топырақтың эрозияға шалдығуы өте қатерлі, зиянды құбылыс. Латын тілінде
эrosio-бүліну деген мағынаны білдіреді.
Топырақ эрозиясы деп оның
бұзылып, үгіліп желмен ұшуын немесе сумен шайылуын айтамыз.
Эрозия
(лат. еrosіo – мүжілу),
геологияда
–
тау жыныстары
мен
топырақ
бетін
аққан судың шаюы. Шайылу және ұсақ түйірлердің
тасымалдану қарқыны тау
жыныстарының қаттылығына, топырақ
қабаттарының жатыс бағытына, су
ағынының жылдамдығына және мүжілу нәтижесінде пайда болған массаның
ірілі-ұсақтығына байланысты. Эрозиялық құбылыстың дамуына сол жердің
топырақ-өсімдік жамылғысы және геологиялық құрылысы да әсер етеді. Эрозия
жер бедерін қалыптастырушы факторлардың бірі. Түзілген жербедер пішіндеріне
байланысты беткі эрозияға (ағын өткен жер беті ой-шұңқырлары тегістеледі)
және тілімдеу эрозиясына (жер беті сай-жыраларға тілімделеді) ажыратылады.
Беткі эрозия аңғар және арнаның бүйірлері бұзылып, ағынның жайылуынан, ал
тілімдеу эрозиясы ағын арнасының тереңдеуінен қалыптасады. Демек,
эрозиялық бедер пішіндері – бүйірлік және тереңдік эрозиялардың нәтижелері.
Кейбір ғылыми әдебиетте “эрозия”
термині негізінен мұздық, жел және теңіз
толқыны әрекетін сипаттағанда жиі қолданылады. Эрозия құбылысына қарсы
күресу жолдары – табиғатты қорғаудың басты
шараларының бірі болып
табылады. Сонымен қатар эрозияның қалыпты (табиғи) және жеделдетілген
(табиғи ортаны дұрыс пайдаланбау салдарынан) түрлері болады; қ. Топырақ
эрозиясы.
Эрозия (лат. еrosіo –
мүжілу), геологияда –
тау жыныстары мен топырақ бетін аққан
судың шаюы. Шайылу және ұсақ түйірлердің тасымалдану қарқыны тау
жыныстарының қаттылығына, топырақ қабаттарының жатыс бағытына, су
ағынының жылдамдығына және мүжілу нәтижесінде пайда болған массаның ірілі
-
ұсақтығына байланысты. Эрозиялық құбылыстың
дамуына сол жердің топырақ
-
өсімдік жамылғысы және геол. құрылысы да әсер етеді. Эрозия –
жер бедерін
қалыптастырушы факторлардың бірі.
Тау жыныстарының табиғат әсерінен бұзылуы.
Топырақ эрозиясы дегеніміз топырақтың құнарсыздануы! Желдің, судың әсерінен
топырақтың құнары кетуі!