ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
361
рынан ұмтылып шығып, орташа дамыған елдердің тобына қосылдық және
әлемдегі ең бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің ішіне ендік.
Үшінші жаңғыру еліміздің алдына тағы бір үлкен мақсат қояды – Қа-
зақстанның жаңа жаһандық ахуалда бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ететін, XXI ғасырдың ортасында әлемдегі ең дамыған отыз мемлекеттің
қатарына қосылуға жағдай туғызатын экономикалық өсудің жаңа моделін
құру.
Белгіленген саяси реформаның мақсаты – мемлекеттік басқарудың
тиімділігін арттыру және мемлекеттің халық алдында есеп беруін қамта-
масыз ету, Президент пен биліктің заң шығарушы тармағының арасында
өкілеттіктерді қайта бөлу, мемлекеттік шешімдерді дайындау мен қабыл-
дау үдерісіндегі азаматтық қоғамның рөлін күшейту. Қабылданған қажетті
заңдар мен заңнамалық өзгертулер қоғамды одан әрі демократияланды-
руға қызмет етеді.
Мен ұсынған экономикалық қайта өзгертулер – өнеркәсіптің базалық
салаларын технологиялық қайта жабдықтауды жеделдетуге, еңбек өнімділі-
гін арттыруға, бизнес шығындарын азайтуға және батыл, қайта реттеуге,
экономиканың жаңа секторларын құруға бағытталған. Жаппай кәсіпкерлік-
ті кеңінен дамыту, соның ішінде әлеуметтік салада, тиімді жұмыспен қамту-
ды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Осыншама кең көлемді міндеттерді шешу үшін, ең алдымен, өз са-
наңды өзгерту керек – тап осы себепті мен саяси және экономикалық
реформалардың өзегі ретінде қоғамдық сананың жаңғыруына басымдық
бердім. Жаһандық сын-қатерлер жағдайында өз мәдениетіңнің берік ір-
гетасына сүйене отырып, жаңа құндылықтарды қабылдау үшін қоғамдық
сананың ашықтығы қажет. Ең үздік дәстүрлерімізді нарықтық қағидат-
тармен, алдыңғы қатарлы технологиялармен біріктіру – міне, Қазақстан
халқы үшін ХХІ ғасырдағы ең басты міндет осы.
Осылайша, Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясындағы реформалар
саяси институттарды әрі қарай дамытуға, Қазақстанның мемлекеттігін
нығайтуға, оның мығымдығын арттыруға, ұзақ мерзімді перспективада
әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге қабілетті эконо-
микадағы құрылымдық реформаларға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: