НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Саяси жүйені реформалау жолында. Халыққа үндеу



Pdf көрінісі
бет191/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Саяси жүйені реформалау жолында. Халыққа үндеу
Мемлекеттік билікті жаңғыртуды бірнеше жылдар бойы ой таразысынан 
өткіздім. «Сірескен» саяси жүйенің тиімсіздігі, ол даму үстінде болуы керек-


362
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
тігі, неғұрлым тұрақты әрі икемді болуы тиіс екені маған айдан анық еді. 
Сондықтан да, Бес институционалдық реформа бағдарламасында билік 
өкілеттіліктерін Президенттен Парламент пен Үкіметке қайта таратуға ал-
дын ала ниетті конституциялық реформа бес бағыт бойынша жүргізіліп, 
жағымды нәтижелерге қол жеткізуі тиіс деген түйін атап өтілді. Бұл ретте 
менің «Біздің дәстүрлерімізді ескере отырып» деген сөзім аса маңызды. 
Бұл – «алдымен экономика – содан кейін саясат» деген негізгі қағидатты 
мұқият сақтай отырып, саяси сабырсыздыққа ұрынбауды, мезгілінен бұрын 
оқиғадан озбауды, асықпауды білдіреді. 
Өзімнің саяси перспективалар жайлы түсінігіммен 2016 жылғы пар-
ламент сайлауы күні сайлау учаскесінде бөлістім. Әлемде буырқанған 
үдерістер жүріп жатыр, біз соған лайық болуға тиіспіз. Саяси жүйенің кез 
келген өзгерісі тікелей Конституциямен байланысты екені маған аян. 
Кейінірек, 2016 жылы 15 желтоқсанда, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 
орай өткен салтанатты жиында мен: «Мемлекет дамуының жаңа кезеңі – 
елдегі болып жатқан жағдайға Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін 
күшейту мәселесін нақты түрде күн тәртібіне қойып отыр», – деп атап өттім. 
Сондықтан да, мемлекеттік биліктің тармақтары арасындағы өкілеттіктерді 
қайта бөлу мәселесін қарастыру туындады. 
2017 жылғы 11 қаңтарда менің өкіміммен билік тармақтары арасындағы 
өкілеттілікті қайта бөлу мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылды. Бұл – Қа-
зақстанда жуық арада конституциялық реформа болғалы тұрғанынан ха-
бар бергендей еді. Бұл ретте, әлемде мемлекеттік құрылымның әмбебап 
моделі жоқ екені мен үшін жаңалық емес еді. Демек, Қазақстан өз тәжіри-
бесі мен қажеттілігіне сүйене отырып, жаңғырудың оңтайлы форматын та-
буға тиіс. 
2017 жылдың 25 қаңтарында республикалық телеарнадан өзімнің ар-
найы үндеуімді жария еттім. Күшті президенттік вертикаль бізге мемле-
кет қалыптастырудағы орасан қиындықтарды еңсеру барысында қажет 
болғанын түсіндірдім. Енді Үкімет пен Парламенттің рөлін күшейте оты-
рып, көптеген жылдарға көзделген саяси жүйе тұрақтылығының қорын 
жасау қажет. Ұсынылып отырған реформаның мәні – билік өкілеттіктерін 
Президенттен Парламент пен Үкіметке қайта бөлуде, тұтастай саяси жүй-
ені демократияландыруда жатыр.
Біріншіден, президенттің әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу 
жөніндегі заңмен бекітілген қырыққа жуық өкілеттігін үкімет пен басқа да 
атқарушы органдарға беру керек.
Екіншіден, бұдан да күрделірек міндет бар, ол – билік тармақтары ара-
сындағы қарым-қатынастарды конституциялық деңгейде теңгеру. Бұл жер-


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
363
де Парламенттің Үкімет жасақтаудағы рөлін күшейту, Министрлер Каби-
нетінің депутаттар корпусы алдындағы жауапкершілігін арттыру, сонымен 
бірге, Үкіметтің өкілеттілігін кеңейту қажет. 
Президенттік өкілеттіліктердің басым бөлігін беруге саналы түрде бар-
дым, мұндағы жалғыз ғана мақсат – елді басқарудың неғұрлым тиімді, ор-
нықты, заманауи жүйесін құру. 
Жаңа жағдайда жауапкершілікті өз мойнымнан алып тастамай, жоғары 
мемлекеттік биліктің басында қалуым принципті түрде аса маңызды. Пре-
зиденттің құзырында Конституцияны қорғау, билік тармақтары арасындағы 
қарым-қатынас, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс пен қауіпсіздік аясын-
дағы стратегиялық функциялар сақталды. 
Саяси жаңғырудың жалпыұлттық маңыздылығы ескеріле отырып, кон-
титуциялық реформалардың жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. 
Арнайы Жолдаудан соң келесі күні, 26 қаңтарда «Қазақстан Республикасы 
Конституциясына өзгерістулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жоба-
сы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет