354
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
конституциялық ұстанымын білдірді. Қазақстанның болашақ тағдыры сынға
түскен сайлау қоғамдық келісімнің көрінісін паш етті. Бұл сайлауда мен ұлт-
тың ұйысқанын айрықша өткір сезіндім.
Өткен сайлауға көптеген халықаралық бақылаушылар жоғары баға
берді, олардың арасында тәуелсіз сарапшылар да, Еуропадағы қа-
уіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының, Ислам ынтымақтастығы ұйымы-
ның, Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Түркітілдес елдер парламент-
тік ассамблеясының, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының, Тәуелсіз
мемлекеттер достастығының өкілдері болды.
Достарыңызбен бөлісу: