НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Жаңғыру кезеңіндегі құқықтық жүйе



Pdf көрінісі
бет199/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Жаңғыру кезеңіндегі құқықтық жүйе 
Құқықтық жүйенің эволюциясында кейіннен бүкіл заң шығаруды және 
құқықтық реттеуді жаңартуға алып келген Ұлт жоспары (2015) маңызды 
орын алады. Нәтижесінде Қазақстанның заманауи заң шығару базасы 290-
нан аса жеке-дара заңдардан құралды. Тәуелсіздік жылдарында барлығы 
2 мыңнан аса заң актілері қабылданған.
Конституциялық заңдар базалық мемлекеттік институттардың және 
тұтастай алғанда мемлекеттік басқарудың бірқалыпты жұмысын қамтама-
сыз етеді. Экономиканың тұрақты дамуын экономикалық блоктың заңдары 
реттеп отырады. Бұл сала ерекше қозғалыста, сондықтан 2010-шы жыл-
дары экономиканы басқару үшін заңнамалық актілердің үшінші буыны 
(Салық, Кеден, Бюджет кодекстері) талап етілді. Бұдан басқа, 2015 жылы 
бұрын тіпті болмаған құжаттар қабылданды – Кәсіпкерлік кодекс, «Мем-
лекет-жекеменшік әріптестік туралы», «Өзін-өзі реттеу туралы», «Астана» 
халықаралық қаржы орталығы туралы» заңдар. Парламентке ұсынылған 
жаңа кодекстердің жобалары – Салық, Кеден, Жер қойнауы және жер қой-
науындағы байлықтарды пайдалану туралы – экономикалық жағдайды 
және жаһандық үдерістерді ескеріп жасалды. 
2014 жылы құқық қорғау, азаматтардың құқығын, мемлекет пен қоғам-
ның қауіпсіздігін қорғауды күшейту заңнамаларын түбегейлі жаңартуға 
байланысты жұмыстар қолға алынды. Жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-атқа-
рушылық, процессуалдық, әкімшілік құқық бұзушылық кодекстері қабыл-
данды. 
Қылмыстың кейбір түрлерін қайта қарастыруды шараны кең қолдануды, 
бас еркінен айырудың баламасын, ұлттық бизнестің мүдделерін қорғауды 
қарастыратын Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерді 
реформалау жалғасты.
Заңнамалық жұмыстардың маңызы 2017 жылы басталған үш базалық 
саланы – экономиканы, саясатты, сананы – жаңғыртуға байланысты арта 
түсті. 


376
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет