НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


«Рухани жаңғыру»: таяу жылдардағы міндеттер



Pdf көрінісі
бет196/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

«Рухани жаңғыру»: таяу жылдардағы міндеттер 
Бағдарламаның «Рухани жаңғыру: таяу жылдардағы міндеттер» атты 
екінші тарауында бүкіл қоғамдық сананың маңызды саласын қамтитын 
бірқатар ауқымды істердің жобалары туралы бастама көтерілді. 
Біріншіден, қазақ тілін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру. 
Бұл – терең логикасы бар және технологиялық, коммуникативтік орта-
ның ерекшеліктерімен, ХХІ ғасырдағы ғылыми-ағартушылық үдерістермен 
өзара байланысты міндет. 
Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа 
гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Бұл – сту-
денттер дайындаудың деңгейін сапалы түрде арттырады, оларды сананы 
жаңғыртудың бастамашыларына айналдырады.
Үшіншіден, тыңғылықты өлкетану жұмыстарын жүргізуді, аймақтар та-
рихын зерттеуді, жергілікті мәдени-тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру-
ді, туған өлкеге қолдау көрсетудің түрлі формаларын қамтитын «Туған жер» 
бағдарламасы. 


370
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Төртіншіден, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы 
ұлттық бірегейліктің мызғымас негізін құрайтын киелі мекендерді халық жа-
дына сенімді түрде орнықтыруды көздейді және жат идеологиялық ықпал-
дан қорғаудың қалқанын жасайды. 
Бесіншіден, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы 
отандық мәдениетті БҰҰ тілдерінде сөйлетуді көздейді, бұл – аса маңызды, 
өйткені заманауи әлемдегі бәсекелестік – бұл мәдениеттердің де бәсеке-
лестігі. 
Алтыншыдан, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» – Тәуелсіздік жылдарын-
да табысқа жеткен замандастарымыздың нақтылы тарихын баяндайтын 
жоба. Бұл – еліктеуге тұрарлық үлгілер, өмірге деген айқын да шынайы 
көзқарастың мысалдары. Қазақстандықтар біздің ұлтымыздың алтын қо-
рын кімдердің құрайтынын білуі тиіс.
2050 жылдың көкжиегіне көз салсақ, рухани жаңғыру қазақстандықтар-
дың жаңа ұрпағын қалыптастыратын болады. «Рухани жаңғыру» атты 
бағдарламалық мақаламды мен барша қазақстандықтар, әсіресе жас ұр-
пақ жаңғыру құндылықтарын терең түсінуі маңызды деп аяқтадым. Жаңа 
жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – бұл біздің дамуымыздың ең 
өзекті қағидаты. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер та-
рихтың шаңына көміліп қала береді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қазақстандық жаңғырудың бүкіл 
стратегиясына тұтастық пен жүйелілік сипат береді. 
Жаңа бағдарламаны жүзеге асыру дереу басталды. 2017 жылдың 
19 сәуір күні, мақала жарыққа шыққан соң бес күннен кейін Президент 
жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту ұлттық комиссиясы (Президент 
Әкімшілігінің жетекшісі Ә. Жақсыбековтің төрағалығымен) құрылды. Оның 
құрамына қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, мемлекеттік билік 
өкілдері кірді. 
Бәсекеге қабілетті және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу-
де ағартушылық жобалар алдынан үлкен мүмкіндіктер ашатын Қазақстан 
халқы Ассамблеясына негізгі орын беріледі. Ассамблеяның 2017 жылғы 26 
сәуірде өткен ХХV сессиясында мен бизнес, шығармашылық және ғылы-
ми зиялы қауым өкілдерін «Туған жер» өлкетану жобасына қатысуға және 
өздерінің күш-қайратын ауылдар мен селолардағы жерлестерін қолдауға 
жұмсауға шақырдым. Сондай-ақ мен: «Заманауи талаптарға жауап беретін 
қоғамдық сананы қалыптастыру үдерісінде барлығы – мемлекет пен аза-
маттық қоғам, білім және әлеуметтік сала, жекеменшік бизнес және бұқа-
ралық медиа түгел қамтылуы керек», – деп атап көрсеттім. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
371
Үнемі өсіп отырған жаһандық сын-қатерлер мен тұрақтылыққа төнген 
қауіп-қатерлерді ескерте келе, мен еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтап 
қалу бойынша жаңа, қалыптағыдан өзгеше шешімдер даярлауды тапсыр-
дым. Қоғам және азаматтар бейбітшілік, тұрақтылық өзінен-өзі орнай қал-
майтынын түсінуі керек. Мемлекет этносаралық және конфессияаралық 
үдерістердің тамырын дөп басып, бақылап отырады. Қазақстан халқы Ас-
самблеясы, барлық мемлекеттік органдар ұлттық бірлікті нығайту жолында 
күнделікті, жоспарлы жұмыстар жүргізеді.
Ұлттық комиссия жұмысқа қызу кірісті. Сараптамалық жұмыс тобы құрыл-
ды, орталықта және аймақтарда жобалық кеңселер жұмыс істей бастады. 
2017 жылдың қыркүйек айында-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 
аясында министрліктер мен әкімдіктер ұсынған 1,1 мың жоба пысықталды, 
оларды нақты жүзеге асыру басталып кетті. 
11 қыркүйекте мемлекеттік тілдің латын графикасындағы жаңа стандар-
ты Парламенттің талқысына ұсынылды. Гуманитарлық пәндер оқулықтары-
ның алғашқы пулы айқындалды, онымен жаңадан құрылған Ұлттық аудар-
ма бюросы шұғылданатын болды. 
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» аясында республикалық 
мәндегі 100 және аймақтық мәндегі 500 нысан іріктеліп алынды. 
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша әде-
биет, театр, кино, музыка мен хореграфия бойынша үздік шығармалардың 
тізім-парақшалары жасалды. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына 
1,5 мың өтініш келіп түсті, олардан ашық дауысқа түсетін топтар құрылды. 
Өнірлерде жалпыұлттық патриотизмді ғана емес, атамекенге деген сүй-
іспеншілікті насихаттайтын «Туған жер» бағдарламасы ерекше қарқынды 
жұмыстармен басталды. 2017 жылғы қыркүйек айының соңында Ақтөбе 
қаласында әлемнің 20 елінен туған елдің дамуына нақтылы үлес қосуға 
дайынмын деп келіп, бас қосқан жерлестердің бірінші республикалық фо-
румы өтті. Мұндай табысты ел азаматтарының қай өңірден болса да табы-
лары сөзсіз.
Ұсынылған барлық жобалар әуелден-ақ жаңғырту үдерістеріне жол 
ашып, болашақ ұрпақ менталитетінің жаңаруын тездететініндей ойласты-
рылды. 
Жаһандық сын-қатер кезеңіндегі Үшінші жаңғырудың басталуын ай-
ғақтайтын мемлекет пен қоғам жаңаруының кең көлемдегі үш үдерісі қанат 
жайды. Қазақстан өз дамуының жаңа тарихи кезеңіне аяқ басты.


372
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет