НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет197/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

4. 
МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ
 
НЫҒАЙТУ
 
ҚАДАМДАРЫ
САЯСИ
 
ПРОЦЕСС
 
ЖӘНЕ
 
РЕФОРМАЛАРДЫ
 
ЖҮЗЕГЕ
 
АСЫРУ
 
«Нұр Отан» партиясының жаңа көшбасшылық рөлі
Е
кі мың оныншы жылдардағы жетекші және халық алдында жауапты сая-
си күш партиясы – «Нұр Отан» партиясы болды. Партия төрағасы ретін-
де елдің тұрақты дамуы партия құрылымын институционалды сипатта кү-
шейтуді талап ететінін айқын түсіндім. 
2011–2015 жылдардағы президенттік және парламенттік сайлаулар ба-
рысында «Нұр Отан» партиясының саяси және ұйымдық тұрғыдан ны-
ғаюы жалғасын тапты. Оның билік партиясынан билеуші партияға айна-
луы – Үкімет пен Парламентке тәуелсіз, дербес саяси энергетика тоғысуы
басталды.
2013 жылдың 18 қазанында «Нұр Отан» партиясының XV съезі өтті. 
Мен оның өткен кезеңдегі қызметінің қорытындыларына тоқтала келе, 
«Қазақстан-2050» стратегиясынан туындайтын кең көлемдегі міндеттерді 
күн тәртібіне қойдым. «Нұр Отан» партиясының өзгерістер жотасынан 
көрінуі тиіс екенін, кез келген сын-қатерлерге дайын болуы керектігін баса 
айттым. Қазіргі әлемде табысқа тек нақты іс-әрекет стратегиясы бар жерде 
және тұрақтылық пен дамудың кепілі ретінде ұзақ мерзімді саяси көшбас-
шылық сақталған жерде ғана жетуге болады. Өзге жағдайларда қоғам бей-
берекет сілкіністер мен қайшылықтарға ұшырайды.
XV съездің маңызды құжаты – 2013 жылдың тамызында қоғамдық және 
партияішілік талқылауға ұсынылған «Нұр Отан» партиясының доктрина-
сы болды. Мұнда «Нұр Отан» партиясы – қоғамды біріктіретін және Ұлт 
көшбасшысының мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін 
басым саяси күш, ал оның саяси платформасы – тұрақтылық пен бірлікке, 
әлеуметтік-экономикалық прагматизмге, орнықты дамуға және халықтың 
барынша кең топтары мүдделерінің теңгеріміне негізделген орталықшыл-
дық екендігі белгіленді.
XV съезде партияның атауына түзету енгізілді: «Нұр Отан» халықтық-де-
мократиялық партиясы, енді өзін центристік саяси күш ретінде көрсетуімен 
байланысты «Нұр Отан» партиясы деген нақты әрі ықшам атауға ие болды. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
373
2015–2016 жылдары менің бастамаммен «Нұр Отан» партиясы билеуші 
саяси партияға трансформациялану үдерісін жалғастырды. Бұл кезеңде 
«Нұр Отан» партиясының бақылау функциясы күшейтілген болатын. Менің 
тапсырмаммен мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде «Нұрлы жол» 
да бар, жүзеге асыруды бақылау үшін комиссия құрылды.
Партияның XVI съезі Бес институционалды реформа және Прези-
дент сайлауы белгісімен өтті. 2016 жылы 29 қаңтарда Астана қаласында 
ашылған XVII съездің жұмысына екі мыңнан астам адам қатысты. Деле-
гаттар сайлауалды бағдарламаны қабылдады, сайлауға түсетін Парла-
мент Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттардың партиялық тізімін бекітті. 
Бұл ретте, партия барлық саяси күштермен құрылымдық қарым-қатына-
сқа дайын екендігі ресми түрде хабарланды. 
Сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне байланысты, 2017 жылдың 
қарашасында мен Саяси кеңестің жиналысында жаңа жағдайдағы пар-
тияның стратегиялық және тактикалық мәселелеріне арнайы тоқталдым. 
2017 жылдың күзінде барлық қажетті саяси шешімдер және Үшінші жаңғы-
ру бойынша іс-қимыл жоспарлары қабылданды, осының бәрі, сөз жоқ, 
«Нұр Отанға» жаңа талаптар қояды. 2017 жылғы Конституциялық рефор-
ма Парламенттің және еліміздегі партиялық-саяси жүйенің рөлін күшейтті. 
«Нұр Отан» билеуші партия мәртебесін сақтап қалу үшін жоғары бәсеке-
лестік дәуірінде, өз деңгейінде идея, платформа, кадрлар, көпшілікпен қа-
рым-қатынас, сауатты және заманауи құрал-жабдықтар арқылы қоғаммен 
жұмыс істеуге дайындалуы керек.
Әлемдегі көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей, көшбасшы 
саяси күші бар партиялық жүйе жаңғыруды жеделдетуге көшкен мем-
лекеттің мәселелерін шешуге неғұрлым қолайлы. Көшбасшы елдердің 
отыздығына апарар жолда тек қана ірі, күшті жалпыұлттық орталық пар-
тия ғана саяси биліктің және қоғамның үдемелі ұйысуын қамтамасыз ете 
алады.
Жаһандық тұрақсыздық жағдайында «Нұр Отан» партиясы 2010-шы 
жылдары дамудың тұрақтылығы мен жалғастығын қамтамасыз ететін, өзекті 
саяси институты бар жүйе құратын құрылым бола алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет