НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет237/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Кино және музыка өнері 
Қазақстанда 2010-шы жылдары шыққан кинотуындылар ұлттық кинема-
тографтың өркендеу дәуірі басталғанын көрсетті. Отандық патриотизмнің 
нығаюы үшін маңызы ерекше фильмдер қатарында тарихи және заманауи 
тұлғаларды сомдауды мақсат еткен туындыларды айту ләзім. 
Қазақстандық көрермендер менің нақты өмірбаяндық деректеріме 
негізделген «Көшбасшы жолы» атты ауқымды киноэпопеяны – «Балалық 
шағымның аспаны», «Теміртау», «Отты өзен», «Жұлдыздар осылай туады»
фильмдерін (режиссері Рүстем Әбдірашев) – үлкен қызығушылықпен, зор 
ынта-ықыласпен қабылдады.
ХХ ғасырда ел басынан өткен оқиғаларға қарамастан, Қазақстанға
«жерұйық» мекенге қоныстанып, пана тапқан халықтардың қилы тағды-
ры 2011 жылы кинорежиссер Сләмбек Тәуекеловтің «Жерұй ық» фильмін-
де көрініс тапқан. 2015 жылы көп сериялы «Қазақ елі» киноэпопеясының 
түсірілу жұмыстары басталды. Бұл киношежіреде XV-XVI ғасырдағы тарихи 
оқиғалар баяндалады. Берлинде өткен кинофестивальда Әмір Байғазиннің 
«Үйлесім сабақтары» (2013 жыл) фильмі операторлық жұмыс номинациясы 
бойынша «Күміс аю» жүлдесіне ие болды.
Коммерциялық фильмдер де көптеп түсірілді. «Жаужүрек мың бала» 
(режиссері Ақан Сатаев), «Қызғылт қоян туралы аңыз» (режиссер Фархат 
Шарипов) және басқа да фильмдер кинопрокатта шетелдік кинолармен 
бәсекеге түсті. 
2016 жылы экранға жаңа фильмдер шықты. Олардың қатарында ре-
жиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» тарихи драмасы, Сатыбалды 
Нарымбетовтің аты аңызға айналған тарихшы Ермұхан Бекмаханов туралы 
«Аманат» фильмі, қазақстандық-ресейлік жоба аясында түсірілген режис-
сер Андрей Шальпоның «28 панфиловшылар» фильмі, Рүстем Әбдірашев-
тың «Қазақ хандығы: Алмас қылыш» тарихи киноэпопеясы және т.б. кино-
ленталар бар. 
Қай кезеңде болса да, опера өнері өз биігінде қала берері даусыз. Қа-
зақстандық жас әнші Мария Мудряк 2010 жылы италиялық эстрада мэтрі 
Тото Кутуньомен бірге «Раккомандати» байқауында жеңіске жетті. 2013 жылы 


440
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
әнші есімі әлемдік сопраноның ондығына енді, ал 2014 жылы Италияда өт-
кен AsLiCo опера байқауында жеңімпаз атанды. Сол жылы «Астана Опера» 
мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі Салтанат Ах-
метова ресейлік «Большая опера» тележобасында жеңіс тұғырынан көрінді.
Көпшілікке танымал музыка өндірісі де қарқынды дамыды. Қазақстан-
дық ән өнерінде Батырхан Шүкеновтің шығармашылығы айтарлықтай рөл 
атқарды. 2010 жылдың желтоқсан айында әншіге Қазақстанның еңбек 
сіңірген өнер қайраткері құрметті атағы берілді. Аты мәлім жұлдыздармен 
бірге жаңа өнер иелері де көріне бастады. 2015 жылы жас әнші Димаш 
Құдай берген Беларусьта өткен халықаралық «Славян базары» байқауын-
да Гран-приге ие болды. 2017 жылдың бас кезінде Қытайдағы «Singer» 
музыкалық байқауына қатысып, екінші орын алған Димашқа қазақстан-
дықтар зор қолдау білдірді, байқауды басынан аяғына дейін жіті қадағалап, 
оның шынайы жанкүйерлеріне айналды. 2017 жылдың наурыз айында ол 
«Азиядағы ең танымал әнші» номинациясы бойынша Top Chinese Music 
Award сыйлығына ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет