ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
453
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесімен, Әлемдік және
дәстүрлі діндер съезімен ынтымақтастықты тереңдету қадамдары да қол-
дауға ие болды.
Қазақстанның 2011–2012 жылдары ИЫҰ-ға төрағалығы – ұйым тарихын-
дағы жаһандық өркениетті және дінаралық диалогта Қазақстан рөлінің
маңыздылығын танытқан кезең.
2016 жылы сәуір айында Ыстанбұлда Ислам ынтымақтастығы ұйымы-
ның 13-ші саммитіне қатыстым. Саммитте қабылданған «ИЫҰ-2025» стра-
тегиялық бағдарламасына Қазақстанның Жаһандық лаңкестікке қарсы
коалиция құру жөніндегі ұсынысы енгізілді. Бұл – БҰҰ-ның халықаралық
лаңкестікпен күрес жөніндегі жалпыға ортақ конвенциясында қабылданған
болатын. Ыстанбұлда өткен ИЫҰ саммиті, саммит қарсаңында біздің Түр-
кия президентімен бірлесіп ұсынған, мүше-мемлекеттер арасындағы дос-
тық қарым-қатынастарды дамыту және исламдық татулық үдерісі туралы
ұсынысымызды қолдады.
Достарыңызбен бөлісу: