9. ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙҚЫН ЖӘНЕ МЫЗҒЫМАС БАСЫМДЫҚТАРЫ СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ Сыртқы және ішкі саясаттың тұтастығы Қ
азақстан Республикасының сыртқы саясатын бағыттай және айқындай
отыра, 2010-шы жылдары да мен қалыптасқан мемлекеттің сыртқы және
ішкі саясатының арасында тығыз әрі ажырамастай өзара байланыс бар екенін
жүйелі түрде сараладым. Сыртқы саясаттағы бейбітшілік пен татулық идеясын
алға ұстауымыз – бұл бағыттың ішкі саясатта да салтанат құруының көрінісі.
2012 жылы желтоқсан айында «Халықаралық жағдай мен геосаяси орта
динамикалы түрде өзгеріп отырады, бұл өзгеріс ұдайы жағымды деп айту
қиын», – деп атап өттім. Демек, ұжымдық қауіпсіздіктің рөлі арта түседі.
Мұндай одақтастыққа Қазақстан Республикасы белсенді түрде қатысады.
Бұл, ең алдымен – Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа Қауіпсіздік және ынты-
мақтастық ұйымы, НАТО, Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы, Шанхай ын-
тымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары
жөніндегі келісім ұйымы.
Жаһандық жағдайдың күрделене түсетіні алдын ала зерделене отырып,
«Қазақстан-2050» стратегиясында: «Ұлттық мүдделерді, елдің халықаралық
беделін арттыруды және ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығай-
туды қамтамасыз етуге бағытталған алдын ала белсенді, кешенді және тең-
герімді сыртқы саясат жүргізілетін болады», – деп айқындалды.
Мемлекетіміздің сырты саясаттағы қызметі бір ғана басты мақсатқа бағын-
дырылған, ол – елдің дамуы және Қазақстан халықтарының әл-ауқатының
жақсаруы. Осыған сәйкес, мен жаңа жағдайға орай, «Қазақстанның сыртқы
саясаты ішкі саясат тәрізді жаңғыртылуы тиіс», – деген мақсат ұстандым.