НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Әлем мойындаған Қазақстан: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде



Pdf көрінісі
бет255/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Әлем мойындаған Қазақстан: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде 
2010-жылдары Қазақстанның қазіргі сыртқы саясаты мен дипломатиясы 
жоғары сапалық деңгейге көтерілді. Қазақстан – қалыптасқан мемлекет – 
әлемдік саясат пен жаһандық экономиканың толыққанды субъектісіне ай-
налды. Мемлекет басшысы ретіндегі менің сөздерім аса маңызды әлемдік 
саммиттер мен форумдарда, G8 мен G20-ны қоса алғанда, құрметпен қа-
былданды, ұстанған бағытымыз, бастамалар мен ұстанымдарымыз қай 
кезде де зор қызығушылық туғызды және маңызды шешімдер қабылда-
нар кезде ескерілді. Осыған байланысты, 2012 жылы Интегралдық қуат-
тың жаһандық рейтингінде (РҒА экономикалық стратегия институты) эко-
номикалық факторлардың қатарында мемлекеттің «қатаң» және «икемді» 
іс-әрекеті ескеріліп, сыртқы саясаттағы жетістіктері, ішкі тұрақтылық, көш-
басшының халықаралық аренадағы беделі және ұлттық қауіпсіздік деңгейі 
сарапталғанда Қазақстан 34 орынды иеленуі заңды еді.
Қазақстандық дипломаттар халықаралық ұйымдардың басшылық қыз-
меттеріне сайлана бастады. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун 2011 жыл-
дың наурыз айынан 2013 жылдың қазан айына дейін Қ-Ж. Тоқаевты БҰҰ-
ның Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы Бөлімшесінің Бас 
директоры қызметіне тағайындады. 
Қазақстан дипломатиясының басты айырмашылығы – өзара тиімді 
шешімдерді мақсат тұтатыны, халықаралық проблемаларға жаңашыл қа-
даммен келетіні, жаңа диалогтық тетіктерді құратыны, толеранттылық пен 
теңқұқықтықты ұстануы болып табылады. Бұл қадамдарын Қазақстан БҰҰ-


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
473
да байқатты және ШЫҰ, ЕҚЫҰ, ОИС, ҰҚКҰ, ЕАЭО, Түрік Кеңесіне Төраға-
лық еткенде де ұстанды. Тәуелсіздік жылдарындағы жинақталған салмақты 
дипломатиялық капитал Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның Қауіпсіздік 
Кеңесінің тұрақты емес өкілі ретінде ұсынылуына алғышарт болғаны анық. 
Мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру ерекше маңызды деп сана-
дым және Қазақстанның кандидатурасының өтуі үшін қолымнан келгенше 
көп жұмыс жасадым. 
Қазақстанның 2017–2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 
емес өкілі болып сайлануы 2016 жылы 28 маусымда Нью-Йоркте, БҰҰ-ның 
штаб-пәтерінде өтті. Келесі күні мен халыққа өз Жолдауыммен үн қаттым. 
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайлануы 
– біздің тарихи жетістігіміз. Бұл – Қазақстан халқының есеюінің айғағы, ең-
бек сіңірген ұлттық табысы. 
2016 жылғы 30 маусымда БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун мені Қа-
зақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып сайла-
нуымен құттықтады. Сайлаудағы дауыс берудің нәтижесі – бұл Қазақстан-
ның белсенді жүргізіп келе жатқан сыртқы саясатына берілген зор баға деп 
атап өтті. 
Болашақты дәл болжаған саясатының арқасында, Қазақстанның ха-
лықаралық біртектілігі «қалыпты» ортаазиялық формат шеңберінен асты. 
Қазақстан Республикасы – ірі еуразиялық мемлекет – нақты аймақта да, 
сондай-ақ әлемдік деңгейде де прагмативті түрде маңызды рөл атқарды. 
Халықаралық беделі жағынан Қазақстан 2010-жылдары-ақ әлемдегі ал-
дыңғы қатардағы отыз елдің деңгейіне көтерілді. Қазақстанның БҰҰ Қа-
уіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі болып енуі – осы деңгейдің дәлелі 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет