НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстанның ЕАЭО-дағы төрағалығы (2016)



Pdf көрінісі
бет254/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстанның ЕАЭО-дағы төрағалығы (2016)
2016 жылдың қаңтарынан бастап, Қазақстанның ЕАЭО-дағы төрағалық 
қызметі басталды. Мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесті басқар-
дым. 
ЕАЭО-дағы 2016 жылғы қазақстандық төрағалықтың басымдығы үшінші 
елдермен және маңызды интеграциялық бірлестіктермен – ең алдымен
Еуропалық одақпен және Қытай Халық Республикасымен экономикалық 
қарым-қатынастардың тереңдеуі болды.
Мен әрқашан да Еуразиялық экономикалық одақты – әлемдік эконо-
микаға органикалық түрде кіріккен, Еуропа мен Азия арасындағы сенімді 
көпір, ашық қауымдастық деп таныдым. Сонымен бірге түрік экономика-
сының маңыздылығын ескере келе, Түркияны еуразиялық экономикалық 
интеграция үдерісіне тарту екіжақты пайдалы болуы мүмкін деп есептедім. 
Бұл ұсынысты мен 2013 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 
Минскіде өткен отырысында, Түркияның Кеден одағына қызығушылығы 
бар екенін хабарлағанда айтқан болатынмын. Түркия Республикасының 
қатысуы – еуразиялық интеграцияның сипатына қатысты көптеген сыртқы 
қауіптерді жоюға көмектескен болар еді. 
Бұл тақырыпқа мен Астанада ЕАЭО туралы Келісімшартқа қол қойған-
нан кейін іле-шала тағы да қайта оралдым. 2014 жылдың маусым айында 
Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің ІV саммитінің қорытын-
дыларын шығарған кезде мен ЕАЭО-ға басқа мемлекеттер үшін де ашық 
және Түркия – болашақта оның ассоциативті мүшесі бола алады дедім. 
2016 жылы мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 
отырысында мен ЕАЭО-ның Қытаймен, Үндістанмен, Израильмен, Сер-
биямен, Египетпен, Иранмен, Камбоджамен және басқа елдермен ын-
тымақтастыққа дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарладым. 
Еуропалық одақпен, ШЫҰ-мен, АСЕАН-мен сауда-экономикалық байла-
ныстар мүмкіндігі қарастырылуда.
Қазақстанның Еуразияшылдығы, сөздің кең мағынасында, біздің қа-
лыптасқан мемлекеттің ерекше саяси-экономикалық артықшылығы бол-
ды. Нарық шекаралары Қытай мен Орталық Азияның, Қазақстанның Ресей 
және Беларусь арқылы еуропалық нарыққа шығуына мүмкіндік жасайды. 
Мұндай геоэкономикалық жағдай біздің елімізге Шығыс пен Батыс ынты-
мақтастығында маңызды дәнекер болуға мүмкіндік береді. «Үлкен Еура-
зияға» – осынау қалыптасып келе жатқан экономикалық мегакеңістікке – 
Еуразия құрлығының дәл ортасындағы ел, беделді, сенімді және қажырлы 
Қазақстан әрқашан да қажет болады. 


472
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Менің пайымдауымша, ЕАЭО-ның және ЕО-ның ынтымақтастық әлеуеті 
ерекше маңызды. Дәл сондықтан да 2016 жылы сәуірде Брюссельде мен 
Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақ арасында тікелей 
диалог жүргізу керектігі туралы ұсыныс жасадым.
Мен еуразиялық интеграциялық үдерістерге қатысты шынайы ақпа-
раттардың әлемдік элитаға жетуі үшін әрбір мүмкіндікті пайдаланып 
отырдым. 2016 жылы наурызда Вашингтон қаласында АҚШ қайраткер-
лерімен кездескенде мен ЕАЭО-ға таза экономикалық бірлестік екенін 
түсіндірдім. Қандай да бір КСРО-ны қайта құру жөнінде әңгіме болып 
отырған жоқ және болмақ та емес. «Қырғи-қабақ соғыстың» қатып 
қалған ұғымдарынан арылу керек. Ол біздің болашаққа сеніммен қа-
рауымызға кедергі келтіреді. Еуразиялық экономикалық одақ – бұл таза 
экономикалық жоба.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет