61
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
1991 жылдың маусымында қабылданған «Жер реформасы туралы» заң,
жерде шаруашылық жүргізудің әртүрлі формасына жағдай жасаса да,
жартылай сипатта болды және жердің жекеменшікке берілуін реттей ал-
мады.
1990 жылдардың бірінші жартысында менің бастамаммен аграрлық
сектордағы нарықтық қатынастардың негізін
қалаған және саладағы
жүйелі дағдарыстан өтуге жағдай жасаған бірнеше заңнамалық акт қа-
былданды.
Барлық жер мемлекеттік меншік деп жарияланды, ал өмір бойы
қожайын болуға тек жеке қосалқы шаруашылық учаскелері ғана немесе
саяжай құрылыстары ғана жатқызылды. Жер иеленушілер мен ауыл ша-
руашылығы өнімдерін өндіретін жер пайдаланушылар
жерді мемлекет-
тен жалға алды және дербес шаруашылық жүргізу құқығына ие болды.
Жекешелендірудің бірінші кезеңінде ауыл шаруашылығы объек-
тілері ұжымдық кәсіпорындар болып қайта ұйымдастырылды, ал еңбек
ұжымдарына заттық пайлар берілді.
Кеңшарлардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін олардың
басшылары мүліктік пайдың 10 процентін
алатын сызба қолданылды,
олардың басқаруына 5 жылға тағы соншалықты үлес берілді. Оң нәтиже
берген жағдайда, одан әрі бұл үлес олардың меншігіне өтетін болды.
Жекешелендірудің екінші кезеңінде (1993–1995 жылдар) жер пай-
далану құқығын сату-сатып алу институты енгізілді. Сол арқылы жалға
берілген жер нарықтық айналымға енгізілді.
Енді оны банктік несиеге
салуға да болатын. 1994 жылы әртүрлі формадағы ауыл шаруашылығы
тауар өндірушілеріне қаржылық қолдау көрсету және олардың жұмы-
сын сауықтыру мақсатында Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау
көрсету қоры құрылды.
Шартты жер үлестері мен мүліктік пай иелері бірігу және ортақ
кәсіпорын құру құқығын пайдалана бастады. 1995 жылға қарай 1,5 мың
мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорны (80 проценттен астамы)
жекешелендірілді. Олардың базасында 3 мыңнан астам шағын кәсіпо-
рын, акционерлік қоғамдар, кооперативтер, шаруа (фермерлік) шару-
ашылықтары құрылды. Дегенмен олардың өнімдерінің үлесі әлі де аз
болатын.
Қуат берушілер мен ауыл шаруашылығы
өнімінің нарықтық құны
арасындағы диспаритет, өндірісшілер мен өңдеуші кәсіпорындар ара-
сындағы байланыстың үзілуі фермерлікті дамытуды айтарлықтай қиын-
датты. Мемлекеттің қаржылық қолдауы қажет болатын, бірақ бүкіл мәсе-
лені ол да шеше алмайтын еді.
62
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Нарықтық жағдайдағы еліміздің ауыл шаруашылығының бір ғана жолы
болды, ол – экономикалық тұрғыда тиімді, нарықтық кәсіпорындарды да-
мыту және жер реформасын жалғастыру екеніне мен берік сендім.
Достарыңызбен бөлісу: