НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет60/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қоғам сенімін ақтаған Парламент 
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ шын мәніндегі саяси 
жауап кершілік тек кәсіби Парламентке тән екеніне еш күмәнім болмады. 
Міне, тап осындай өкілетті орган 1995 жылдың аяғында сайланды.
Мен 1996 жылдың 30 қаңтарында бірінші парламенттік сессияны аша 
отырып, «Біз Қазақстанда шынайы, өркениетті парламентаризм құрудың 
алдында тұрмыз», – деп мәлімдедім.
Жаңа депутаттық корпус өзінің жұмысқа қабілетті екенін бірден көрсет-
ті. Жоғарғы Кеңес жылына екі-үш рет шақырылса, Мәжіліс үздіксіз қыз мет 
істеді (жазғы парламенттік каникулды санамағанда) және 1996 жылдың бес 


126
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
айында Мәжіліс 35 заң қабылдады, ал Жоғарғы Кеңес бір жылда 7 заң-
ды ғана бекіткен еді. Бірінші шақырылымның бес сессиясы барысында 
Мәжіліске 644 заң түсті, депутаттар олардың 558-ін мақұлдады, ал мен 
497 заңға қол қойдым.
1996 жылдың шілдесінде екі палатаның бірлескен мәжілісінде мен де-
путаттардың еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға қосқан үлесін ерекше 
атап өттім. Біріншіден, Парламент атқарушы және заң шығарушы билік 
тармақтары арасындағы тұрақты тепе-теңдік қамтамасыз етуге, екіншіден, 
палаталардың әрқайсысының заңдарын дәйекті түрде талқылау жолымен 
заң жобаларын пысықтаудың тиімді ішкі парламенттік тетігін жасауға қол 
жеткізді... Парламент кәсіби және құзыретті заң шығарушы орган ретін-
де республикалық және аймақтық мүдделердің үйлесуін қамтамасыз етуге, 
заңды жобалау жұмысында жоғары сапаға қол жеткізуге өзінің қабілеттілі-
гін көрсетті. 
Міне, осылайша, қазіргі стандарттарға және парламентаризм принцип-
теріне негізделген заң шығарушы билікті жаңғырту аяқталды. Мемлекеттік 
билік тармақтары арасындағы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің тиімді 
механизмі жасалды.
Конституцияға түзетулер енгізу (1998 жыл): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет