112
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
сәйкестендіру міндеті туралы айттым. Бірінші кезектегі экономикалық мін-
деттердің қатарына жылдық инфляцияны 4–6%-ке төмендету, экономика-
ны 3–5%-ке көтеру, сонымен қатар шетелдік инвестициялар үшін қолайлы
жағдай туғызу кірді.
Сонымен қатар, кейінге ысыруды көтермейтін мәселелерді шешуді, атап
айтқанда, жалақы мен зейнетақыны кешіктіруге жол бермеуді, жұмыссыз-
дық деңгейін төмендетуді міндеттедік.
Аса ауыр кезеңдерді басынан өткізген
көптеген қазақстандықтардың
жаңа жоспарларға күмәнмен қарауы мүмкін екенін де сездім.
Соған қа-
рамастан, Жолдауды оптимистік сарында аяқтауды жөн деп таптым. Алға
жылжудың негізгі алғышарттары жасалғанын, ендігі жерде батыл бастама
мен білім, ерік-жігер, шыдамдылық пен табандылық, біліктілік пен жауап-
кершілік бұрынғыдан да қажет екенін, күрделі де жауапты міндеттерді сон-
да ғана орындай алатынымызды айттым.
Алдымызда, мен сол кезде ойлап, жоспарлаған, елді одан әрі жаңғырту
үшін атқарылуы тиіс ауқымды жұмыстар күтіп тұр еді.
Достарыңызбен бөлісу: