Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Огюст Конт (1798-1857 ж.),  Джон Стюарт Милль



Pdf көрінісі
бет186/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Огюст Конт
(1798-1857 ж.), 
Джон Стюарт Милль 
(1806-1873 ж.) жэне 
Герберт Спенсердің
(1820-1903 ж.) позитивистік ілімдерімен тікелей байланысты. Олардың ілімдері


Еуропа философиясы
215
бойьгаша, ғылым ешқандай философияға мұқтаж емес, сондықтан ол философия- 
ның пайдасыз, өздеріне өздері қайшы келетін идеяларынан арылуы қажет. Ал де- 
нелер мен құбылыстардың мэні мен шығу себептерін шешемін деп шеше алмай, 
карама-қайшылыкка толған бұрынғы философияның орнына жаңа позитивистік 
(шынайы, нагыз, дұрыс деген мағынада) философия жасау керек. Оның негіз- 
гі міндеті - сезімдік тәжірибелердің (объективтік нақтылықты емес) деректерін 
жүйелеу, ғылымдардың нэтижесін тұжырымдап, жалпы қорытындылар жасау.
Неопозитивизмнің екінші кезеңі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың 
басында қалыптасқан эмпириосыншылдық (Э. Max, R Авенариус, А.А. Боіданов, 
В
і
А. Базаров, т.б.) ілімімен байланысты. Эмпириосыншылдар позитивистердің 
ғылымды философиядан бөліп алу идеясын эрі қарай жалғастырды: философия- 
ның мақсаты ғылыми деректерді тұжырымдап, қорытындылар жасау емес, таным 
теориясьшьщ ғылыми нұсқасын жасау, себебі материализм мен идеализм негізін- 
де қалыптасқан таным теориясы объекгивті нактылыкты шынайы түрде танып-бі- 
луге мүмкіндік бермейді. Сондықтан жаңа таным теориясы мынадай қағидаларға 
сүйенуі керек: обьективті нақтылық дегеніміз - «бейтарап» түйсіктердің, эле- 
менттердің (бөлшектердің) комплексі (жиынтығы). Егер бұл «элементтерді» бір- 
біріне қатынаста қарастырсақ (мысалы, түр мен бояу), онда олар физиологиялық 
(физикалық) құбылыс, ал оларды адам түйсінуіне байланысты қатынаста қарасақ, 
онда олар психикалық қубылыстар болады. Оларды адам өз санасына қондырады, 
осы себептен олар адамның шын түйсіктері сияқгы болып көрінеді.
Неопозитивизмнің үшінші, қазіргі кезеңгі сатысьшда Б. Рассел (1872-1970 ж.), 
Л. Витгенштейн (1889-1951 ж.), М. Шлик (1882-1936 ж.), Р. Карнап (1891-1970 ж.), 
А. Айер (1910-1989 ж.), К. Поппер, т.б. ілімдерінің арқасында «логикалық позити­
визм», кейінірек «семантикалық позитивизм» (терминдердің мағынасын талдау), 
ал оның орныңа «лингвистикалық философия» (әдеттегі табиғи тілдің сөздік 
айтылуын анықтау), т.б. сол сияқты неопозитивистік ағымдар дүниеге келді. 
Логикалық позитивизмнің өкілдері өздерінен бұрынғы позитивистік бағыттағы 
ойшылдардың «Философия - шешілмейтін қарама-қайшылыққа толы ілім» де­
ген көзқарастарын эрі қарай дамыта отырып, ол көтерген мәселелер (этикалық, 
діни, эстетикалық, т.б. ілімдерде) шын мэнінде ешқандай ғылыми маңызы жоқ 
«калган проблемалар», «алдамшы сұрақтар» деп жариялады. Себебі философия 
- теЪриялық көзқарастардың жиынтығы емес, ғылымның логикалық-синтаксис- 
тік, семантикалық және тіл талдаудан тұратын жэне осылай алған деректер негі- 
зінде әлемді объективті тұрғыдан бөлуге талпынатын, оның адамның санасынан 
тыс, өз-өзінен қалай өмір сүретінін білуге үмітті «метафизикалық» пікірлер мен 
ұғымдар жиынтығы. Демек, қазіргі философияның міндеті - «метафизикалық» 
(философиялық) ұгымдар мен сөйлемдерден арылу (Б. Рассел). Неопозитивистер 
қандай да болмасын ілімді, ғылыми немесе ғылыми еместігін ажырату үшін «ве- 
рификациялау» (сезімдік тэжірибелер мен салыстыру арқылы тексеру) қағидасьш 
қолдануды ұсынды. Бұл қағида бойынша, егер ілімдер тэжірибе немесе логикалық 
сараптау арқылы верификацияланса (дэлелденсе немесе терістелсе), онда олар 
ғылымға жатады да, қалғандары жалған ілім болып шығады. Ал ғылымның өзі 
екі типті болады: біріншісі - логикалық-математикалық, екіншісі - эмпирикалық 
сөйлемдерден кұралатьш ғылымдар. Логикалық-математикалық сөйлемдерді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет