3 0
II тарау. Антикалың философия
Заттардың ұрығы алғашқыда бір-бірімен тэртіпсіз орналасып, әлемде хаос
болған. Кейін келс заттардың ұрығын тэртіпті қозғалысқа түсірген «элемдік нус-
тің» (элемдік ақыл) арқасында әрекетті бөлшектер бір-бірінен бөлініп, ал біртек-
тілері қосыльш, жекеленген сезімдік заттар пайда болады. Нус - жұқа, жеңіл зат,
ол өзі жарататын заттар элемінде тұратынына қарамастан, олармен араласпайды,
себебі оның басқа заттармен қосылу мүмкіндігі жоқ. Ешқандай денелер басқаша
жолмен
гтяй ття
болмайды және жойылмайды, олар тек бар заттардың қосынды-
сынан пайда болып, ал олардың бөлінуінің арқасында сол зат ретінде жойылып,
бөлшектерге айналып, кейін олар қайтадан қосылып, басқа зат болып шексіз
дами береді. Мысалы, ауыр, дымқыл тығыз бөлшектер - әлемнің ортасы. Онда
жиналып, олардан Жер пайда болса, жеңіл, жылы, құрғақ бөлшектер ауыр бөл-
шектерден бөлініп, жоғары көтеріледі де, олардан Аспан элемі пайда болады.
Аспанда ылғи қозғалыста болатын тастар бар, сол қозғалыстың арқасында олар
құламайды, егер Аспан өз қозғалысын тоқтатса, онда ол Жерге құлап түсер еді, ал
Аспан өз қозғалысын бәсеңдеткенде, ондағы тастар Жерге кұлап түсіп жатады. Ай
да Жер сияқты, онда да жазықтық, тау-тасты жерлер бар, ол өзіне жарықты Күн-
нен алады, ал Күн болса, ол балқыған темір мен жанып тұрған тастардан тұрады,
аумағы жағынан Пелопонестен аз-ақ үлкен. «Тіршіліктің ұрығы» жоғарьщан
(Аспаннан) Жерге жауын (жаңбыр) арқылы түседі. Тіршілік ұрығы гомеомерий-
дің бір бөлігі ғана.
Анаксагордың пікірінше, заттарды қарама-қарсы қасиеттерінен танып-білу-
ге болады. Мысалы, салқын-жылу арқылы, тэтті-ащы, т.б. Бірақ сезім мүшелері,
соның ішінде түйсік бізге ақиқаггы ашып бермейді, себебі гомеомерийді сезім
мүшелері арқылы танып-білу мүмкін емес, оны тек ақыл-ой арқылы тани аламыз.
Білім бізге бостандыққа жетуге мүмкіндік береді.
Анаксагордың ойлары кейінгі антикалық ойшылдарға үлксн эсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: