Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет127/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

74-cypem.
Аскариданың (Parascaris equorum) тері-бұлшықет қапшығы және 
бұлшықет клеткалары: A - тері-бұлшықет қапшығының құрылысы (көлденең кесілген 
бөлшегі); 1 - кутикула қабаты, 2 - мембрана, 3 - гиподерма, 4 - бұлшықет клеткалары, 
5 - фибрилла, 6 - протоплазма (саркоплазма), 7 - ядро, 8 - саркоплазма қапшығы,
9 - саркоплазмалық қапшықтың көлденең кесіндісі, 10 - плазмалық өсінді;
Б - бұлшықет клеткалары; 1 - жиырылғыш бұлшықет талшықтары (миофибрилдер), 
2 - ядро, 3 - саркоплазма қапшығы, 4 - плазмалық өсінді
Бұлшықет клеткаларының саны бойынша нематодтарды меро- 
миарлы және полимиарлы деп екі топқа бөледі. Меромиарлы топтағы 
нематодтардың бұлшықет клеткаларының саны 8-ден аспайды, 
бұларға ұсақ түрлері жатады, ал полимиарлылардың клетка саны 
ондаған және жүздеген, бұларға ірі нематодтар жатады.
Т е р і-б ұ л ш ы қ е т қ ап ш ы ғы м е н іш е к т ің а р а с ы н д а п р о т о ц е л ь н е м е с е
с х и з о ц е л ь д е п атал аты н д е н е с ін ің ал ғаш қ ы р ет т ік қ у ы сы о р н а л а с а д ы .
198


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы жоқ және іші сүйық затқа толы. 
Сұйық зат денені кернеп, оның жұмырлығын тұрақты түрде 
сақтайды. Алғашқы реттік қуыс дененің тірегі бола тұрып, зат алмасу 
процесіне де қатысады. Дене қуысы арқылы қорытылған заттар 
ішектен бұлшықеттерге, ішкі мүшелерге, ал зат алмасудың қалдық 
өнімдері зәр шығару мүшесіне ауысады. Осылайша дене қуысы 
организмнің ішкі ортасы болып келеді. Паразитті нематодтардың 
дене қуысында түссіз сұйыққа толы клеткалар топтасып жатады, 
жалпақ құрттардың паренхимасына ұқсас. Қуыстың сұйық затында 
валериан, капрон қышқылдары бар, сондықтан да олар улы.
Ac қорыту жүйесі 
ұзына бойы созылған тік түтік тәрізді, 
алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз тесігі дененің 
алдыңғы ұшында орналасып, көпшілік жағдайда ерекше өсінділер - 
еріндермен қоршалған: арқа және екі бүйірлік. Ауыз тесігі ауыз 
қуысымен (стома) жалғасады. Ауыз қуысының құрылысы әр түрлі. 
Нематодтардың жануарлар паразиті болып келетін (зоопаразит) 
өкілдерінің ауыз қуысында кутикулярлы тіс өсінділері болады, ал 
өсімдік паразиттерінің (фитопаразит) ауыз қуысы сорғыш мүшеге - 
стилетке айналған. Стилет ауыз қуысында арнайы бұлшықет - 
протракторлар арқылы қозғала алады. Топырақта және суда тіршілік 
ететін жыртқыш нематодтарда стомалық қуыс найзамен немесе 
қозғалмайтын өсінділер онхамен қаруланған.
Ауыз қуысы өңешке ұласады. Өңеш үш қырлы, алдыңғы бөлімі 
қалың, бұлшыкетті, артқысы безді. Өңештің кеңейген бөлімі бульбус 
деп аталады. Көпшілігінде бульбусы екеу: ортаңғы (метакорпальды) 
және артқы (кардиальды). Кардиальды бульбустың үккіш аппараты 
жақсы дамыған (75-сурет).
Өңештің ортаңғы ішекке жалғасатын жерінде ерекше өсіндісі 
(cardium) болады. Ол ортаңғы ішекке еніп жатады да, ішек ішіндегі 
қоректік заттардың өңешке қарай кері қайтуына тосқауыл жасайды.
Нематодтардың ортаңғы ішегі энтодермальды, қабырғасы бір 
қабат эпителиальды клеткалардан құрылған, оны жүқа базальды 
жарғақ қаптап тұрады. Ортаңғы ішектің алдыңғы бөлімі кеңейіп 
“қарыншық” немесе жұтылған қоректің резервуары қызметін 
атқаратын proventriculus түрінде дамыған.
Ректум деп аталатын ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасып, ол 
аналь тесігі арқылы сыртқа ашылады. Нематодтардың алдыңғы және 
артқы ішегі эктодермальды және оларды тығыз кутикула астарлайды.
Кейбір нематодтардың ас қорыту жүйесі қоректенуіне бай-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет