ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Типтің негізгі сипаты: денесі бөлшектенбеген (сегменттелмеген);
зәр шығару жүйесі дамымаған, зәрді денеден тері бездері шығарады,
немесе протонефридияльды; қан айналу және тыныс алу жүйесі
дамымаған; ас қорыту жүйесінде артқы ішегі және аналь тесігі
дамыған; ңерв жүйесі ортогонды, сезім мүшелері нашар дамыған; дара
жыныстылар, жыныс жүйесінің құрылысы өте қарапайым.
Жумыр қурттар типі 5 класца бөлінеді:
• НАҒЫЗ ЖҮМЫР ҚҰРТТАР КЛАСЫ NEMATODA
• АДЕНОФОРЕА КЛАСС ТАРМАЕЫ - ADENOPHOREA
• СЕЦЕРНЕНТТЕР КЛАСС ТАРМАЕЫ SECERNENTEA
• ҚҰРСАҚ КІРПІКШЕЛІЛЕР КЛАСЫ - GASTROTRICHA
• КИНОРИНХАЛАР КЛАСЫ KINORHYNCHA
• TYKTI ҚҮРТТАР КЛАСЫ NEMATOMORPHA
• КОЛОВРАТКАЛАР КЛАСЫ ROTATORIA
НАҒЫЗ ЖҰМЫР ҚҮРТТАР немесе
НЕМАТОДТАР КЛАСЫ - NEMATODA
Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікке
таралуы сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың бүкіл
әлемде кездеспейтін ортасы жоқ. Мұхиттар мен теңіздер түбінде,
түщы суларда, топырақ арасында еркін қозғалып тіршілік етсе, пара-
зиттік түрлері өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерінде
кездеседі. Құстар мен насекомдардың паразиті ретінде олар ауа
қабатын да меңгерген деп айтуға болады. Айналамызда жүріп жатқан
шіру процесінің барлығы осы нематодтардың қатысуы арқылы
жүреді. Кеңістікке таралуы тұрғыдан оларды бактериялар мен бір-
клеткалы организмдермен салыстыруға болады.
Нематодтардың тіршілік ету орталарының алуан түрлі болып
келуіне қарамастан құрылыстары бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: