ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
на ауысып, олар одан да жуан екі жатынға жалғасады. Екі жатын
қосылып жіңішке қынапқа айналады да, ол дененің алдыңғы кұрсақ
жақ бөлімінде жыныс тесігімен аяқталады (78-сурет).
Аталықтарының жыныс мүшесі аналықтарындай өте жіңішке,
жіпше тәрізді тұқым (аталық) безінен басталады. Ол біршама жуан-
дау аталық жолына ауысып, ұрық көпіршігіне жалғасады. Көпіршік-
тің артқы жағы жіңішкеріп жұқа бұлшықетті түтікшеге немесе тұқым
шашқыш өзекке айналады да, ол артқы ішекке ашылады (аналь
тесігінің алдында). Осы жерге ерекше жұп шағылысу қалтасы
ашылады. Онда көбіне екі немесе одан да көп кутикулярлы ине немесе
спикулалары орналасады. Спикуланың ұштары сыртқа шығып,
шағылысу кезінде көмекші мүше ретінде қызмет атқарады.
Көптеген нематодтарда спикулаларға қосымша копулятивті
бурсалары дамиды. Олар құйрық бөлімінің екі бүйірінде орналасқан,
кеңейген және қалыңдаған қанат түріндегі өсінділер. Бурса және
спикулалары шағылысу кезінде аналығына бекіну ретінде қызмет
атқарады. Сперматозоидтарының талшығы болмайды, олар жалған
аяқтары арқылы амеба тәрізді қозғалады. Жынысты жолмен көбе-
йеді.
Достарыңызбен бөлісу: