Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет161/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Ж ы н ы с ж ү й е с і
қарапайым. Полихеттер дара жыныстылар. 
Жыныс диморфизмі байқалмайды. Жыныс клеткалары алдыңғы және 
артқы сегменттерінен басқа барлық, сегменттерінде қуыстың 
перитонеальды эпителий қабатының астында орналасады. Жыныс 
клеткалары тез бөлініп, жинақталып, сыртынан перитонеальды 
эпителидің жұқа қабатымен қапталады. Осылайша целоммен тығыз 
байланысты гонада түзіледі. Даму барысында алғашқы жұқа 
перитонеальды эпителимен қапталған гонада жарылады да, жұмырт- 
қалары немесе сперматозоидтары целом қуысына түседі. Осы жерде 
жұмыртқалар дамып жетіледі. Кейбір полихеттердің жұмыртқа 
шығарғыш жолдары жоқ, сондықтан олардың ұрықтары дененің 
қабырғасын тесіп сыртқа шығады. Capitellidae тұқымдасының 
өкілдерінде кірпікшелермен қапталған целомодукт деп аталатын 
жыныс воронкасы (оймышы) бар. Жыныс клеткалары сол воронка 
арқылы түтікшемен сыртқа шығарылады. Қалған түрлерінде 
целомодуктілер немесе тұқым шығарғыш жолдары нефридия 
түтікшелерімен бірігіп кетеді де, жыныс клеткалары несеп заттары- 
мен аралас нефридия немесе нефромиксиялар арқылы сыртқа 
шығарылады. Жұмыртқалар сырттай ұрықтанады.
Полихеттерде жынысты көбеюмен бірге жыныссыз көбею де 
байқалады. Мысалы, Nereidae, Eunicidae тұқымдастарының өкілдері 
жынысты және жыныссыз жолмен де дамиды. Бұлардың денесі екі 
ерекше бөлімдерге бөлінеді: алдыңғы атокты және артқы эпитокты
24 6


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
92-cypem.
Полихеттердің жыныссыз көбеюі: A - палоло Eunice viridis-тың эпитокты 
артқы жіңішке бөлімі; Б - Autolytus cornutus-тың эпитокиясы (эпитокты бөлімінің 
атокты бөлімінен ажырайтын жерінде басы пайда болтан); В - Myrianida fasciata-ның 
бластозооидтері (1), 2-3 - ұлғайтылып көрсетілген аталық бластозооид (2) және
аналық бластозооид (3)
немесе эпигамия. Екеуінің айырмашылықтары: атокты бөлімінің ішкі 
мүшелерінің құрылысы және сегменттері сол күйінде сақталып 
қалады, тек жыныс клеткалары бұларда дамымайды, ал эпитокия 
бөлімінің сегменттері күшті өзгерістерге ұшыраған, яғни ішкі 
мүшелері нашар дамыған, сегменттің іші жыныс жұмыртқаларына 
толы, сегменттерінде жалпақтау жүзу қалақшалары болады.
Эпиток бөлімдері әр түрлі жолмен атокты бөлімінен ажырап, 
теңіздің жоғарғы қабатына көтеріліп, жиналады. Осы жерде жыныс 
клеткалары сегменттерден суға шығарылып, жұмыртқалар 
ұрықтанып, бөлшектену кезеңі басталады. Ал атокты бөлімдері сол 
мекен ететін жерлерінде қалып, регенерациялық қабілеттілігіне 
байланысты жойылған сегменттерін қалпына келтіріп отырады.
Эпиток бөлімінің атокты бөлімінен ажырауы әр түрлі: палоло 
өкілдерінде (Eunice viridis) эпитокия сегменттері жеке-жеке үзіліп 
немесе бірнеше біріккен сегменттері үзіліп теңіздің жоғарғы қабатына
247


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
көтеріледі; Autolytus comutus-тың эпиток бөлімінің атокты бөлімінен 
ажырайтын жерінде басы пайда болып, эпиток бөлімі өз алдына бөгде 
особьқа айналады; Myrianida fasciata-лар эпиток бөлімінде жыныс 
зооидтарды немесе бластозооидтарды түзейді. Олардың, біреуі үзіліп 
түспей тұрып, екіншісі, үшіншісі, көптеген (30-ға дейін) бласто- 
зооидтар түзіледі (92-сурет). Кейін олар бөлек-бөлек үзіліп кетеді; 
Syllis romaso-да бүйірлік бүршіктену байқалады, басқа түрлерінде 
эпитокия бөлімінің бүршіктенуі ұзына бойлық бағытта өтеді.
Полихеттердің жыныссыз көбеюі жыл маусымының белгілі бір 
уақытында өтеді. Мысалы, Тынық мұхитта тіршілік ететін палоло 
Eunice viridis жылдың қазан немесе қараша айларында жаңа ай туған 
мезгілде жыныссыз жолмен көбейеді. Осы уақытта Фиджа және 
Самоа аралдарының жергілікті тұрғындары теңіздің бетінде қалқып 
жүрген эпиток бөлімдерін жинап, тамаққа пайдаланады. Атлант 
мұхитында тіршілік ететін Eunice fucata шілде айында көбейеді.
Полихеттердің дамуы метаморфоз арқылы жүреді. Дамуындағы 
басты ерекшеліктері: зиготаның спиральды, детерминативті бөлінуі, 
трохофора личинкасының пайда болуы және мезодермалық 
жолақтың ажырауынан мезодерманың түзілуі.
Полихеттердің эмбриональды дамуына толық, спиральды 
детерминативті бөлшектену тән. Үрықтанған жұмыртқа (зигота) 
алдымен меридиональды екі рет бөлініп, біркелкі төрт бластомерлері 
құрылады - А, В, С, D (Бовери ұсынған система бойынша бласто­
мер лерді әріппен белгілейді). Бұлар негізгі квартет, болашақ ұрықтың 
құрсақ (В), арқа (D), сол жақ (А), оң жақ (С) қатарын түзейді. Осы 
төрт бластомерлер енді көлбеген жазықтық бағытында бөлшектеніп 
төрт ұсақ жоғарғы (анимальды) және төрт ірі төменгі (вегетативті) 
бластомерлерді жасайды. Сонда төрт микромерлі және төрт макро- 
мерлі квартет түзіледі 
1а, 1в, lc, Id, 1А, 1 В, 1C, ID (93-сурет).
Бластомерлердің азырақ (45°) ылдилау бағытында бөлшекте- 
нуінің нәтижесінде микромерлер макромерлердің дәл үстіңгі жағына 
шықпай, сәл қисықтау орналасып макромерлердің аралығына 
орнығады. Мысалы, 1а микромер 1А, IB макромерлердің шекарасын- 
да орналасқан (93-сурет). Келесі бөлшектенулерде микромерлер оң 
және сол жаққа бұрылады. Осындай бөлшектенуді спиральды деп 
атайды.
Әрбір бластомердің дамуы алғашқы кезеңінде-ақ айқындалады. 
Мысалы, алғашқы үш квартеттің микромерлері (1а, 1в, lc, Id; 2а, 
2в, 2с, 2d; За, Зв, Зс, 3d) личинканың эктодермасын қалыптастырады,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет