Тыныс алу жүйесі. Полихеттердің басым көпшілігі бүкіл
денесімен, кейбір түрлері параподияларында орналасқан желбезек
арқылы тыныс алады, ал желбезектері қан тамырларына бай келеді.
Қан айналу жүйесі тұйық қан тамырларынан тұрады. Ең басты
ұзын арқа және құрсақ қан тамырлары. Олар көлденең сақина тәрізді
тамырларымен жалғасқан. Осы қан тамырлардан ішкі мүшелеріне,
желбезектеріне, терісіне ұштасқан майда қан тамырлары және капил-
лярлары тарап отырады. Қан басты тамырлардан майда тамырларға
және капиллярларға өтіп, олардан қайта басты тамырларға оралып
келеді, сондықтан қан айналу жүйесі жабық немесе тұйық. Арқа қан
тамырының және баска қан тамырларының мезгіл-мезгіл қысқарып
жиырылуы нәтижесінде қан ағып отырады.
Арқа тамырындағы қан денесінің артқы жағынан бас жағына
қарай ағады, одан кейін алдыңғы сақиналы тамырлары арқылы
құрсақ тамырына өтіп, бұл жерден, яғни бас жағынан артқы жағына
қарай ағады. Қан тамырларының қуысы бірінші қуыстың (схизоцель)
қалдығы болып саналады.
Полихеттердің басым көпшілігінің қандары қызыл түсті, плаз-
маның қурамындағы гемоглобиндердің болуына байланысты (Nereis,
Arenicola туыстарының), қалғандарының қаны жасыл, себебі плаз-
маның құрамында гемоглобинге жақын хлороклуорин т. б. заттар
болады.
Олигомерлық полихеттерде Dinophilus, Myzostomum туыстары-
ның және Glyceridae тұқымдасының қан айналу жүйесі жойылған,
оның қызметін қуыстың сұйық заты орындайды.
Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті немесе ми ганглиясынан,
жұтқыншақ асты ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина
коннективадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған. Жұтқыншақ
асты ганглиясы құрсақ нерв тізбегінің бірінші нерв түйіні. Құрсақ
24 4