Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет160/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

91-cypem.
Полихеттердің нерв жүйесі: A - Dinophilus taeniatus;
Б - Sabellaria alveolata; В - Nereis virens; 1 -ми ганглиясы,
2 - жұтқыншақ маңындағы сақиналы коннектива, 3 - құрсақ ганглиялары,
4 - кұрсақ комиссурасы, 5 - құрсақ нерв тізбегі, 6 - жұтқыншақ асты ганглия,
7 - кұрсақ нерв тізбегінің ганглиялары
тізбегі - метамерлі (әрбір сегментіңде) орналаскан нерв ганглияла- 
рынан тұрады.
Полихеттердің төменгі сатыдағы түрлерінің құрсағында екі нерв 
бағанасы болады, олардың ганглиялары - бір-бірімен көлденең 
комиссурамен жалғасып сатылы нерв тізбегін құрайды (Dinophilus 
туысында), ал жоғаргы сатыдағыларда екі нерв баганалары, сонымен 
қатар ганглиялары бір-бірімен қосылып, тұтас құрсақ нерв тізбегіне 
айналған. Ганглиялар коннектива арқылы жалғасады (91-сурет). Екі 
сегментте жатқан ганглияларды жалғастыратын көлденең сала 
коннектива, бір сегменттегі екі ганглияны жалғастыратын комис­
сура.
Нервтер орталық нерв жүйесінен тарайды. Миы антенналарды 
(мұртшаларды), пальпаларды, көздерін нервтендірсе, құрсақ бөлі- 
міндегі әрбір ганглиялар өз сегментіне сай келетін мүшелерді 
нервтендіреді.
Еркін тіршілік ететін түрлерінде 
сезім мүшелері 
жақсы жетілген. 
Эпителиальды сезгіш клеткаларынан басқа, терісінде арнайы иіс және 
химиялық әсерді сезу мүшелері бар. Бұл қызметті атқаратьгн
245


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
простомиумда орналасқан антенналар, пальпалар, талшықтар, 
кірпікшелі шұңқырлар және параподиядағы мұртшалар (цирралар). 
Тепе-теңдікті сезетін статоцисталар өте аз.
Простомиумның арқа жағыңда, миының үстінде көру қызметін 
атқаратын 2 немесе 4 көздері бар, олар эпителий клеткаларымен 
астарланған көз ұяшығында орналасады. Эпителий қабаты тор қабық- 
тың (сетчатканың) қызметін атқарады. Ол екі түрлі клеткалардан 
тұрады. Оның бір түрі жарық сезу клеткалары немесе ретинальды 
клеткалар. Олар бір жағынан жарық сезу таяқшасына айналса, екінші 
жағынан нерв жүйесімен жалғасады.
Alciopidae тұқымдасының көздері күрделіленіп, тері қабатынан 
бөлектеніп, тұйық көз көпіршігіне айналған. Оның мөлдір қабығы, 
тор қабығы, шыны тәрізді дене және көз жанары болады. Төменгі 
сатыдағы полихеттердің көздері түбінде көру клеткалары бар 
пигменттік бокал сияқты турбелляриялардың көздеріне ұқсас 
инверттелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет