Ac қорыту жүйесі
дененің простомиум сегментінде орналасқан
ауыз тесігінен басталып, ауыз қуысынан, жүтқыншақтан, өңештен
(кейде жемсаудан), бұлшық етті қарыннан, ортаңғы және артқы
ішектен, аналь тесігінен тұрады (96, Б-сурет). Жауын құртының
(Lumbricus terrestris) өңешіне үш жұп ерекше ізбесті бездер (моррен
бездері) ашылады. Олар қан тамырларымен тығыз байланысты және
қандағы жиналған карбонаттарды шытару қызметін атқарады. Ізбест
254
ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
96-сурет .
Жауын құртының (Lumbricus terrestris) құрылысы: A - тері-бұлшықет
қапшығының құрылысы; 1 - эпителий қабаты, 2 - сақина тәрізді бұлшықеттері,
3 - ұзына бойы бүлшықеттері, 4 - соматоплевра; Б - ішкі құрылысы;
1 - жұтқыншақ, 2 - өңеш, 3 - сақина қан тамыры, 4 - жемсау, 5 - қарын,
6 - метанефридия, 7 - ортаңғы ішек, 8 - арқа қан тамыры, 9 - тұқым қапшығы,
10 - тұқым қабылдағышы, 11 - диссепимент, 12 - жұтқыншақ үсті ганглиясы
безінің сұйығы өңешке өтеді де, гумин кышқылдарының әсерін
әлсіретеді (нейтрализациялайды).
Ортаңғы ішектің арқа жақ қабырғасында ішегіне терең енген
тифлозоль деп аталатын қатпарлар ұзына бойлай орналасқан. Олар
ішектің бетін ұлғайтып, қорек сіңіргіш қызметін жақсартады. Олиго-
хеттердің негізгі қорегі өсімдік қалдықтары және детрит.
Зәр шығару жүйесі
метанефридиялы, сегменттеліп орналасқан
нефридиялардан тұрады. Құрылысы көпқылтанды құрттар жүйесіне
ұқсас.
Ортаңғы ішектің және қан тамырларының сыртқы бетін жауып
тұратын хлорагогенді клеткалар да зәр шығару қызметін атқарады.
255
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Хлорагогенді клеткалардың ыдырау өнімдері бір-біріне қосылып,
жабысып “коңыр денешіктерді” түзейді, бұлар целом қуысына өтеді
де, ерекше арқа поралары арқылы сыртқа шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |