ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
98-cypem.
Сүліктер (Hirudinea): A - медициналық сүлік (Hirudo medicinalis);
Б - жалпақ сүлік (Glossiphonia); В - жалған жылқы сүлігі (Haemopis sanguisuga);
Г - балық сүлігі (Piscicola geometra); Д - балық сүліктердің иесіне жабысуы
Медицинада кейбір ауруды сүлік салып емдеу әдісі ертеден бар.
Мұны бделлотерапия дейді. Сүліктің 15-ке жуық түрі емге пайда-
ланылады.
Медициналық сүлікті гипертония, склероз, инсульт, көз, тері ауру-
ларын емдеуге қолданады. Сүліктің гирудин затынан дәрі-дәрмек
жасайды.
Адамга және малға қауіпті сүліктердің бірі
жылқы сүлігі
(Limnatis nilotica). Ол сумей бірге жұтылып жұтқыншаққа, кеңірдекке
жабысып, қанның тоқталмай ағуына себепкер болады. Ашхабадта,
Самарқандта, Бұқарада кездеседі.
Қан сормайтын сүліктердің ішінде жалған жылқы сүлігі
(Haemopis sanguisuga) барлық тұщы суларда кең тараған. Олар
моллюскалармен, құрттармен, насекомдардың личинкаларымен
қоректенетін жыртқыштар.
Haemadispa туысының өкілдері құрлықта тіршілік етіп, адамның
және сүтқоректілердің қанын сорады.
Жұтқыншақты сүліктер (Herpobdellidae) тұқымдасының өкілдері
жыртқыштар
ұсақ құрттармен, насекомдардың личинкаларымен
қоректенеді. Үлкен, ұшқырлы жұтқыншағы болады. Артқы сорғышы
дамымаған. Тұщы суларда жиі кездеседі. Қара теңіз, Каспий
жағалауларында да мекендейді.
Достарыңызбен бөлісу: