ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ішіңце 20-ға жуық жұмыртқалары болады. Пілләлар су түбінде неме-
се су жағалауларында кездеседі. Helobdella stagnalis, Pratoclepsis
tessellata-ның пілләсі құрсағына жабысқан.
Жұмыртқаларының бөлшектенуі олигохеттердікіне өте ұқсас
спиральды детерминативті жолмен өтеді. Үрықтарының даму
сатысында кірпікшелерінің, целом қуысының болуы байқалады, кейін
олар жойылып кетеді. Ересек формасының қалыптасуына
D
бласто-
мераның ұрпағы маңызды қызмет атқарады. Осылардың 5 жұп ірі
телобласт клеткаларынан 10 ұзын алқап клеткалары шығады кейін
екеуінен мезодермальдық алқап, екеуінен құрсақ нерв тізбегі, қалған
алтауынан эктодерма қабаты пайда болады.
Жалпы құрылысымен сүліктер азқылтанды құрттарға ұқсас. Еке-
уінде де тұқым бездері тұқым қапшығының ішінде орналасады,
жұмыртқаларын пілләнін ішіне салады, дамуы личинкасыз. Ерекше-
лігі: жұмыртқаның ұрықтануы олигохеттерде сырттай (пілләнін
ішінде), ал сүліктерде іштей өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: