Б У Ы Н А Я Қ Т Ы Л А Р Т И П І - A R T H R O P O D A
Жануарлар дүниесіндегі жер жүзінде кең таралған және
түрлерінің саны жагынан ең көбі буынаяқтылар типі. Олардың 2,5
миллионная астам түрі бар. Жануарлар жүйесіндегі қалған 22 типтің
түр саны буынаяқтыларға жетпейді.
Буынаяқтылар типіне шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, көп-
аяқтылар және насекомдар жатады. Бұлардың барлығына тән белгіле-
рінің бірі аяқтары бірнеше буындарға бөлінген, буынаяқтылар деп
аталатыны да осыдан. Олар екі жақты симметриялы және гетероном-
ды сегменттелген жануарлар. Денесі екі немесе үш бөлімге бөлінеді:
баскеуде, құрсақ немесе бас, кеуде, құрсақ. Денесін хитинді кутикула
жауып тұрады. Ол жануардың ішкі мүшелерін зақымданудан
қоргайды және оның ішкі жагына бұлшықеттер бекінеді. Хитинді
кутикула өспейтін, созылмайтын қосынды, сондықтан буынаяктылар-
дың өсуі түлеу арқылы өтеді. Бұлшықеттері көлденең салалы - жолақ,
тез жиырыла алады.
Буынаяқтылар
дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі жақсы
дамыған. Эмбриональды және постэмбриональды дамудың ұзақтығы
өзгеріп тұрады. Даму кезеңі эр алуан: тура даму немесе анаморфоз,
18— 574
273
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
алғашқы даму проморфоз немесе эпиморфоз, шала түрленіп даму
гемиметаморфоз, толық түрленіп даму голометаморфоз, жеткіліксіз
даму - гипоморфоз, күрделі даму гиперметаморфоз.
Буынаяқтылар мұхиттарда, теңіздерде, тұщы су қоймаларында,
ыстық су қайнарларында, қарлы жерлер мен мұздарда, топырақ
қабаттарында, тіпті ауада да көп кездеседі. Адамда, жануарлар мен
өсімдіктерде паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар.
Буынаяқтылардың табиғатқа және адам өміріне ықпалы зор.
Олар адамның, жануарлардың, өсімдіктердің паразиттері және түрлі
жұқпалы ауруларды таратушылар, сондай-ақ егістік өсімдіктердің
және орман шаруашылығының зиянкестері. Бірақ екінші жагынан
буынаяқтылар азық-түлік және техникалық шикізат есебінде
пайдаланылады, әрі өсімдіктерді тозаңдандыруға қатысады, топырақ
құнарлылығын арттырады және өздері адамға кәсіптік қажетті
жануарлардың маңызды қорегі, біраз түрлерін адам тамаққа да
пайдаланады.
Буынаяқтылар типі торт тип тармағына бөлінеді: желбезекты-
ныстылар - Branchiata, трилобиттәрізділер - Trilobitomorpha,
хелицералылар Chelicerata, кеңірдекпен тыныс алушылар - Tracheata.
• ЖЕЛБЕЗЕКТЫНЫСТЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ BRANCHIATA
• ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ CRUSTACEA
• ТРИЛОБИТТӘРІЗДІЛЕР ТИП ТАРМАЕЫ - TRILOBITOMORPHA
• ТРИЛОБИТА КЛАСЫ TRILOBITA
• ХЕЛИЦЕРАЛЫЛАР ТИП ТАРМАЕЫ - CHELICERATA
• СЕМСЕРҚҰЙРЫҚТЫЛАР КЛАСЫ-XIPHOSURA
• АЛЫПҚАЛҚАНШАЛЬиіАР КЛАСЫ-GIGANTOSTRACA
• ӨРМЕКШІТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ ARACHNIDA
• КЕҢІРДЕКПЕН ТЫНЫС АЛУШЫЛАР ТИП ТАРМАЕЫ
TRACHEATA
• КӨПАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ -MYRIAPODA
• НАСЕКОМДАР НЕМЕСЕ АЛТЫАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ
INSECTA, S.HEXAPODA
Эволюциялық даму тұрғысынан қарағанда буынаяқтылардың
арғы тегі көпқылтанды буылтық құрттар (Polychaeta) екендігіне
күмән жоқ. Оларды байланыстыратын ұқсастық белгілері өте көп:
үш қабатты, екі жақты симметриялылар, екеуінің де денелері сег-
менттелген және кутикула қабатымен қапталынған, жылжу
(локомоторлы) мүшелері метамериялы орналасқан, ішкі мүшелерінің
2 7 4
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
құрылысы (ас қорыту, нерв жүйесі т. б.), даму жолдары да бірдей.
Осы ұқсастықтарына қарай 1817 жылы француз ғалымы Ж. Кювье
буылтық құрттар (Annelida) мен буынаяқтылар (Arthropoda) типін
Articulata деген бір топқа біріктірген. Сонда да, буынаяқтылар типінің
буылтық құрттармен салыстырғанда олардың өзіне тән біраз күрделі
ерекше белгілері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |