Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет234/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Нерв жүйесі. 
Көпаяқтылардың нерв жүйесі барлық буынаяқ- 
тыларға тән жұп жүтқыншақ үсті немесе ми ганглиясынан, жұтқын- 
шақ асты ганглиясынан, жұтқыншақ маңындагы сақина-коннектива- 
дан және күрсақ нерв тізбегінен құралған. Жұтқыншақ асты ганглия- 
сы 
кұрсақ нерв тізбегінің бірінші нерв түйіні. Құрсақ нерв тізбегі 
метамерлі (әрбір сегментінде) орналасқан нерв ганглияларынан 
тұрады.
Миының гистологиялық құрылысы күрделі, сондағы антенналарға 
және дененің мүшелеріне нервтерді беретін ганглия жұптары 
күштірек дамып, оқшаулануымен ерекше, сондай-ақ интеркалярлы 
сегментті иннервация жасайтын нерв клеткасының жұбы бар.
Құрсақ нерв тізбегінің бірінші нерв түйіні - жұтқыншақ асты 
ганглия - ауыз аппаратын нервтендіреді, ал әрбір сегментінде орна- 
ласқан жұп нерв ганглиялары сол сегменттің қайсыбір нүктесіне 
нервтерді таратады да, сондағы пайда болған тітіркенуді қабылдап, 
кейін миына коннективалар арқылы жеткізеді. Diplopoda класс 
тармағының өкілдерінде мұндай құрылыс тек алдыңғы төрт сег- 
ментіне тән, қалған сегменттерінде бірінен соң бірі орналасқан екі 
жұп ганглиясы болады, бұл осы сегменттердің бір-бірімен қосылып 
кеткенін көрсетеді.
Сезім мүшелері. 
Көпаяқтылардың сезгіш түкшелеріне бай, жұп 
мұртшалары иіс және дәм сезу қызметін атқарады. Сонымен қатар, 
басының бүйір жағында антенна мен көздердің аралығында, тага 
тәріздес ойықтың ішінде сезгіш клеткаларының шоғыры орналас- 
қақ олар Темешваров сезім мүшесі, атқаратын қызметі белгісіз, бол- 
жам бойынша бұлар хеморецепторлар. Бұл мүшені ми нервтенді- 
реді.
Көптеген көпаяқтылардың көздері екі, төрт және одан да көп 
болуы мүмкін. Көздері басының бүйір жағында орналасқан және жай, 
қарапайым кұрылысты. Тек, шыбынұстағыштарда ғана (Scutigera) 
басында көздерінің екі үлкен шоғыры болады, олар өте тығыз, бір- 
бірімен жанасып, насекомдардың күрделі фасетті көздеріне ұқсайды. 
Көпаяқтылардың көру қабілеті онша күшті дамымаған. Олар 
көлеңкелі, қараңғы жерлерді калайды.
Ж ыныс жүйесі. Дара жынысты. Аталық және аналық жыныс 
бездері тек сирек жағдайда өзінің бастапқы жұп күйін сақтаған 
(кейбір пауроподаларда), көбінесе жүп емес бір ғана без түрінде.
359


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Мысалы, аталық жыныс безі қалақша, немесе жұқа ұзын түтікше 
түрінде, немесе 11-12 жұп кішкене бөлшектерден тұрады; бұлар бір 
ортақ жыныс түтікшесіне жалғасады. Кивсяктардың жұмыртқа жолы 
мен ұрық жолының бастапқы бөлігі жұпсыз түтік тәрізді. Олар алға 
бағытталып, екіге айырылады да, екінші тұлға сегментінің құрсақ 
жағына ашылады. Симфилалар мен пауроподалардың жыныс тесігі 
де екінші тұлға сегментінде ашылады.
Chilopoda класс тармағының өкілдерінде жыныс түтігі бастапқы 
бөлігінде жүпсыз, кейін екі бұтаққа бөлінеді де, олар қайтадан бірі- 
геді. Жыныс тесігі денесінің соңғы сегментінің алдынғы жағында 
ашылады.
Көпаяқтылардың жыныс жүйесінде қосымша мүшелері болады, 
мысалы, аталық ұрық жолы қапшық тәрізді ұрық көпіршігімен және 
қосалқы бездерімен, ал аналық жұмыртқа жолы тұқым қабылдағыш 
қапшығымен және бірнеше қосалкы бездермен жалғасқан.
Көпаяқтылардың ұрықтану әдістері сан алуан. Қарапайым 
жағдайда аталық, өзі бөліп шығаратын, торга ұрық сұйықтығының 
тамшысын немесе сперматофораны іліп қояды, кейін оны аналық 
алады. Кейде копуляциялану орны болады, мұндай жағдайда ұрық 
сұйықтығы аналықтың жыныс тесігіне аталықтың арнайы аяқтары - 
гоноподиялардың көмегімен құйылады.
Дамуы. 
Көпаяқтылардың жұмыртқалары ірі және сарыуызға бай, 
сондықтан бұлардың ұрықтары жұмыртқаның беткейлі бөліну нәти- 
жесінде пайда болады.
Постэмбриональды дамуы екі түрлі жолмен жүруі мүмкін 
(постэмбриональды даму бұл организмнің жұмыртқадан шыққаннан 
бастап жыныстық күйіне жетілгенге дейінгі даму кезеңі).
Бірінші жол, нағыз тура даму жолы, Chilopoda класс тармағының 
кейбір өкілдерінде кездеседі; жұмыртқадан шыққан жас жануардың 
тұлға сегменттері мен аяқтарының саны толық, яғни аналық 
организмге ұқсас болып келеді. Екінші жол анаморфозды даму жолы 
ерінаяқтылар мен қосжұпаяқтыларда кездеседі. Бұл жағдайда жас 
жануарлардың тұлғасындағы сегменттері мен аяқтар саны толық 
болмайды, сегменттері мен аяқтары түлеу нәтижесінде түгел пайда 
болады. Олардың түзілуі тельсонның алдында жатқан өсу зонасының 
есебінен жүреді. Chilopoda класс тармағының анаморфозды 
түрлерінің ұрықтарында 12 жұп тұлға аяқтары, ал Diplopoda класс 
тармағының ұрықтарында үш алдыңғы жұп жүргіш аяқтары болады 
да, одан кейін аяқсыз сегменттер жалғасады. Бұл алтыаяқты личинка


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет