ОМЫРТҚАСЫЦЛР
зоологиясы
жолы анаморфоз. Жұмыртқаларын топыраққа топтастырып салады,
12-14 күннен кейін алтыаяқты личинкалары шығады. Даму кезеңі 3-
4 ай.
Пауроподалар ылғалды жерлерде кең тараған, көбінесе шіріген
өсімдік
қалдықтарының арасында, топырақта, жапырақтардың
астында, шіріген ағаштардың ішінде. ¥сақ кенелерді және детритті
қорек етеді. Негізгі туыстары: Pauropus, Eurypauropus. Pauropus
туысының
өкілдері ұзындау, жылдам қозғалады, ал Eurypauropus
жалпақтау, өте жай қозғалады. Негізгі өкілі Pauropus silvaticus,
ұзындығы 1 мм. Еуропада кең тараған (130-сурет).
ЕРІНАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - CHILOPODA
3000-ға жуық түрі бар, ұзындығы 23 см-ге дейін ірі көпаяқтылар.
Денесі дорзо-вентральды бағытта жалпайып ұзарған. Мұртшалары
(антенналары)
жіп тәрізді, ұзын, көпбуынды. Мұртшаларының
түбінде қарапайым көзшелер шоғырланған, кейбіреулерінде көздері
жоқ. Ауыз аппараты үстіңгі жақ - мандибуладан және екі жұп астыңғы
жақтан (максилла
I,
максилла
II)
құрылған. Тұлға бөлімінің бірінші
жұп аяқтары ауызаяғына айналған (класс тармағының аты да осыдан),
оларды жақаяқтары деп те атайды. Жақаяқтары алты буынды болып,
ұштары сүйірленіп, өткір тырнаққа айналған.
Бұлардың негізгі буыны
өзінің жұбымен түйісіп тақтаны құрайды, олардың алдыңғы жағында
тістері бар. Жақаяқтарының тырнақ ұшына улы бездерінің өзектері
ашылған.
Тұлға бөлімі сегменттелген, әрбір сегментінде жұп жүргіш
аяқтары бар. Соңғы жұп аяқтары басқасынан ұзын,
артқа қарай
бағытталып дәм сезу, иіс сезу. қорғаныш, ұстағыш қызметін
атқарады. Соңғы жұп аяқтың түбінде орналасқан коксальды бездері
өрмек жіпті бөледі, оны жемтігін орау үшін
қолданады, ал
ұрықтанғанда оған сперматофораларын салады. Даму жолы
анаморфоз. Көбінесе тропикалық және субтропикалық елдерде
тараған, түнде белсенді өмір сүретін жыртқыштар, топырақта,
ағаштардың, жапырақтардың, тастардың астында тығылып жатады.
Ерінаяқтылар класс тармағы төрт отрядқа бөлінеді: геофилалар
Geophilomorpha, сколопендралар Scolopendromorpha, костянкалар
Lithobiomorpha, скутигералар - Scutigeromorpha.
Достарыңызбен бөлісу: