ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
128-cypem .
Көпаяқтылардың ішкі (А) және ауыз аппаратының (Б) құрылысы:
1 - мұртша (кесілген), 2 - жұтқыншақ үсті ганглия, 3 - улы жақаяқ, 4 - өңеш,
5 - сілекей без, 6 - қүрсак нерв тізбегі, 7 - аяқтың түп жағы, 8 - ортаңғы ішек,
9 - мальпиги түтігі, 10 - түқым без, 11 - тұқым қапшығы, 12 - түқым жолы,
13 - артқы қосалқы жыныс безі, 14 - алдыңғы қосалқы жыныс безі, 15 - сыртқы жыныс
тесігі, 16 - жоғарғы ерін, 17 - жоғарғы жақ, 18 - төменгі жақтың бірінші
жұбы (максилла I), 19 - төменгі жақтың екінші жұбы (максилла II), 20 - жақаяқ
қалақша бөлігі және жақ қалақшалары редукцияға ұшырауы мүмкін.
Көпаяқтылардың ауыз аппаратының құрылысы эр класс тар-
мағының өкілдерінде әр түрлі. Symphyla және Chilopoda класс тар-
мағы өкілдерінде ауызы алдыңғы жағынан хитинделген үстіңгі
ерінмен жабылған, ол түрі өзгерген аяқ емес,
бастың хитин қабаты-
ның есіндісі, оның астында жоғарғы жақ мандибула, төменгі жақ -
максилла I және максилла II жатады. Diplopoda және Pauropoda класс
тармағының өкілдерінде үстіңгі ерін мен күшті дамыған манди-
буланың астында жалғыз жұпсыз күрделі
құрылысты гнатохилярий
(gnathochilarium) деп аталатын тақтасы бар. Ол төменгі жақ
355
ОМЫРТҚАСЫЗДЛР
зоологиясы
максилла І-шінің өзгерген түрі. Бұларда максилла ІІ-ші дамымаған.
Мойын сегментінің аяқтары редукцияланған.
Бас бөлімінен кейінгі дене немесе тұлға бөлімінің сегменттері
айқын бөлінген.
Олардың саны әр түрлі: пауроподаларда - 14, симфилаларда
18, ерінаяқтыларда
181. Тұлғаның бір қалыпты немесе гомономды
сегменттелуі тек ең қарапайым түрлерінде болады, мысалы, Chilopoda
класс тармағының Pachimerium ferrugineum өкілінде, ал
қалған-
дарының сегменттері эволюция барысында өзгеріске ұшырап саны
жағынан азайған және біразының көлемі кішірейген. Бұл жағдайда,
кішірейген және қалпында қалған сегменттер кезектесіп орналасады,
мысалы, Diplopoda класс тармағының өкілдерінде, ал Lithobius
forficatus-тың бірінші және соңғы үш
сегменттері басқаларынан
айрықша. Diplopoda класс тармағының өкілдерінде сегменттерінің
басым көпшілігі (алғашқы төрт және “мойын” сегментінен басқа)
жұптасып қосылады. Жұптасқан сегментінің әрқайсысында екі жұп
аяқтары болады (класс тармақтың қосжұпаяқтылар деп аталатыны
осыдан).
Көпаяқтылардың тұлға сегменттерінің біркелкі болуымен қатар,
олардың аяқтарының құрылысы да ұқсас, бірнеше буыннан (6-8)
тұратын және тырнақпен бітетін жүру аяқтары болады.
Олардың
морфологиялық және функциональдық дифференциациялануы өте
сирек.
Ерінаяқтылардың бірінші сегментінің аяқтары жақаяққа айналған,
олар қорегін ұстап, өлтіру қызметін атқарады. Бұл жұп аяқтардың
көлемі үлкейген және біршама жуандаған негізгі буыннан тұрады,
буын ұшы үшкірленіп, ілгек сияқты иіліп біткен. Аяқтың түбінде
улы
безі бар, оның тесігі аяқтың ұшында ашылады. Бөлінген у
буынаяқтылар мен омыртқалыларға күшті эсер етеді. Мысалы,
сколопендраның (Scolopendra) уы адамның қолын ісіріп жібереді.
Кейбір жұп аяқтары копуляцияға қатысып, құрылысы жағынан біраз
өзгерген де, олар гоноподий деп аталады.
Денесі бір қабатты гиподермальды клеткаларынан бөлінген
хитинді немесе ізбест сіңген кутикуламен қапталған. Гиподермальды
эпителий қабаты бір және көп
клеткалы тері бездеріне бай, солардын
арасында қорғаныш қызметін атқаратын бездері де бар. Олар түлға
сегменттерінің арқа жағында орналасып, әр түрлі секреттерді сыртқа
бөліп шашады. Секреттердің химиялық құрамы да әр түрлі, мысалы,
Spirobolus туысының шығарған секреті улы және адамның терісін
356
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
күңгірт түске бояйды, Polyzonium rosalbum камфордың күйдіргіш
дәмі мен иісі болатын сүт
тәрізді сұйық шығарады, тропикалық
Fontaria-ның шығаратын секретіне миндальдің ащы иісі тән және бос
күйінде синиль қышқылына бай.
Достарыңызбен бөлісу: