КНИДОСПОРИДИЯЛАР ТИПІ CNIDOSPORIDIA Книдоспоридиялардың барлығы дерлік паразиттер. Книдоспори-
диялардың тіршілік циклы әрқашанда екі ядролы амеба тәрізді
ұрықтан басталады. Түзілген споралары көп клеткалы.
Книдоспоридиялар типіне екі класс жатады. Шырышты споралы-
лар немесе миксоспоридиялар
Myxosporidia және актиномикси-
диялар -Actinomyxidia.
Актиномиксидиялардың шырышты споралылардан негізгі
айырмашылығы - споралары үш қақпақшалы, ішінде үш атқыш
капсуласы және көптеген амеба тәрізді ұрықтары болады. Олар
азқылтанды буылтық құрттардың және сипункулидтердің пара
зиттер!.
МИКСОСПОРИДИЯЛАР КЛАСЫ - MYXOSPORIDIA Шырышты споралылардың 1000-ға жуық түрі белгілі, балық-
тардың, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың
паразиттері. Иесінің әр түрлі мүшелерін зақымдайды: терісін,
бұлшықетін, желбезегін, шеміршектерін, нерв жүйесін, өт жолдарын,
қуығын. Бұлар тканьдік және қуыс аралық паразиттері болып
табылады. Дене қуысыңдағы миксоспоридиялар - көп ядролы амеба
тәрізді плазмодиялар, мөлшері 10 мкм-ден 2 сантиметрге дейін (16-
сурет). Ткань арасында тіршілік ететін миксоспоридиялар диаметрі
1-2 см-ге дейін жететін циста (ісік) түзейді. Циста паразиттің
цитоплазмасына толған, ішінде коп ядролары болады (17-сурет).
Ядролар өзінің құрылысы мен атқаратын қызметінің ерекшелігіне
қарай екі топқа бөлінеді:
вегетативті және
генеративті. Вегетативті ядролар тіршілікке қажетті зат алмасу, белокты син-
тездеу, өсу т. б. қызметтерін атқарады. Генеративті ядролар көбею
процесіне қажетті екі спораларға бастама береді. Бұл күрделі процес-
тің басында генеративті ядролардың сыртын цитоплазма қаптайды,
соның нәтижесінде генеративті клеткалар қалыптасады. Олар циста-
ның ішінде еркін қозғалады. Біраз уақыттан кейін әрбір генеративті
клетканың ядросы бөлініп, көп ядролы панспоробласттарды қүрайды.
Панспоробластың ішінде екі спора қалыптасады (17,Б-сурет).
Миксоспоридия спораларының формалары әр түрлі болғанымен,
олардың құрылысы бірдей (18-сурет). Bivalvulea отрядының өкіл-
дерінде споралары алты ядродан қалыптасады. Споралардың сырты
қатты қабықпен қапталынған. Оның қалыптасуына екі ядро қатыса-