Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 15-cypem



Pdf көрінісі
бет31/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

53


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
15-cypem.
Безгек плазмодиясының (Plasmodium) даму циклі:
1 - спорозоиттар, 2-4 - бауыр клеткаларындағы өтіп жатқан шизогония кезеңі 
(2 - жас шизонт, 3 - көп ядролы өсіп келе жатқан шизонт, 4 - мерозоиттар),
5-9 - эритроцитте өтіп жатқан шизогония, 10 - мерозоиттар, 11-12 - макрогамонттар,
11а-12а - микрогамонттар, 13 - макрогамета, 14-микрогамонт, 15 - микрогаметалардың 
түзілуі, 16 - копуляция, 17 - зигота, 18 - жылжымалы зигота (оокинета),
19 - оокинетаның масаның ішегінің қабырғасына енуі, 20 - оокинетаның ооцистаға 
айналуы, 21-22-23 - өсіп келе жатқан ооциста, 24 - спорозоиттар, 25 - масаның сілекей
безіндегі спорозоиттар
жыныс клеткалары және микрогамонттар немесе микрогаметоциттер 
пісіп-жетілмеген аталық жыныс клеткалары. Осыдан кейін әрі қарай 
даму адам қанында жүрмейді. Ендігі дамуы маса денесінде өтеді.
54


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Анофелес (Anopheles) туысына жататын безгек маса ауру адам- 
ның қанын сорған кезде оның ішегіне қанмен бірге макро және 
микрогаметоциттер түседі. Масаның ішегінде макрогамонттар 
(макрогаметоциттер) пісіп-жетіліп макрогаметаға айналады, ал 
микрогамонттардың (микрогаметоциттердің) ядросы көпке бөлініп, 
пісіп-жетіліп қозғалғыш майда микрогаметаларға айналады. 
Микрогаметалар және макрогаметалар қосылып зигота құрады. 
Зигота қозғалғыш келеді, сондықтан оны оокинета деп атайды. 
Оокинета масаның ішек қабырғасына еніп қозгалуын тоқтатады да, 
сыртына тығыз қабықша шығарып ооцистаға айналады. Ооцистаның 
ішіндегі ядро бөлінеді, мұның саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. 
Әрбір ядро жұқа цитоплазмамен қапталынып, мыңдаған (10000-га 
дейін) спорозоиттар түзіледі. Ооцистаның көлемі өсіп, мыңдаған 
спорозоиттар пайда болғаннан кейін ооциста жарылады. Қозгалғыш 
спорозоиттар безгек масаның аралас қуысына түсіп, гемолимфа 
ағынымен сілекей бездеріне жиналады. Маса адамды шаққанда оның 
қанына сілекеймен бірге спорозоиттар да түседі. Даму циклы ары 
карай жалгасады. Сонымен безгек плазмодиясының тіршілік циклы 
өте күрделі және олар иесін алмастырып отырады, жыныссыз көбеюі 
адам қанында, ал жынысты көбеюі безгек масасының ішегінде өтеді. 
Плазмодияның негізгі иесі - безгек масасы, ал аралық иесі адам.
Безгек плазмодиясы адамның безгек ауруын қоздырушы. Безгек- 
пен ауырғанда безгек ұстауынан басқа анемия (эритроциттердің 
азаюы) байқалады және плазмодиялар қан плазмасына улы өнімдерін 
бөледі. Ауру адамның безгегі әр 72 сағат, немесе 48, немесе 24 сағат 
сайын қайталанып отырады. Осы қайталануы плазмодияның өкіліне 
және шизогония мерзіміне байланысты.
РІ. vivax-та шизогония 48 сағатқа созылады, сондықтан безгек 
үш тәулікте бір рет ұстайды, ол безгекті үш күндік безгек деп атайды. 
РІ. таіагіае-да шизогониясы 72 сағатқа созылады, сондықтан безгек 
торт күннен кейін қайталап ұстайды, ол төрт күндік безгек. PI. falcipa- 
rum-да шизогония 24 сагатқа созылады, безгек 24 сағаттан кейін қай- 
талап ұстайды. Неғұрлым безгек жиі қайталанса, соғұрлым қауіпті.
Безгек ауруын адамнан адамға анофелес (Anopheles) туысына 
жататын безгек масаларының түрлері ғана таратады. Солардың ішінде 
Қазақстанда көп тараган An. maculipennis, An. hyrcanus т.б.
Безгек ауруына қарсы шаралардың бірі 
масалардың сан 
мөлшерін азайтуға қолайлы тәсілдерін қолдану, ауырған адамды 
дәрілермен емдеу.
55


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет