Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 32-cypem



Pdf көрінісі
бет49/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

88


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
32-cypem .
Ізбесті губканың (Sycon raphanus) дамуы: - A - аналық организмнің ішіндегі 
амфибластула, ірі макромера клеткалары майда микромера клеткаларының ішіне 
тартылған; Б - жүзіп жүрген амфибластула; В - микромера клеткалары макромера 
клеткаларының ішіне тартылуы; Г - личинканың субстратқа бекінуі және 
метаморфоздың басталуы
қолайлы жағдайда геммуланың ішіндегі клетка жиынтығы сыртқа 
шығып жаңадан губка дамиды. Геммуланың биологиялық маңызы 
жылдың қолайсыз мезгілінен сақтануға бейімділігі.
Жынысты жолмен барлық губкалар көбейеді. Губкалардың басым 
көпшілігі гермафродиттер (қос жыныстылар). Жыныс клеткалары 
мезоглея қабатында орналасқан археоцит клеткалардан пайда болады. 
Аталық гаметалар мезоглея қабатынан саңылаулар жүйелері арқылы 
парагастраль қуысына түсіп, одан судың ағынымен оскулум тесігі 
арқылы сыртқы су ортасына шығады. Жетілген жұмыртқасы бар 
басқа губканың денесіне еніп, оларды ұрықтандырады.
Үрықтанған жұмыртқаның алғашқы даму кезеңі аналық 
организмнің ішінде өтеді. Үрықтанған жұмыртқа толық және біркелкі 
бөліне отырып 8 бластомерлерге бастама береді. Одан ары ұрық 8 
майда үстіңгі және 8 ірі астыңғы бластомерлерге бөлінеді. Әрі қарай 
даму барысында майда бластомерлер ірілерге қарағанда тез бөліне 
бастайды. Осының нәтижесінде бір қабатты шар тәрізді ұрық бла­
стула түзіледі. Оның үстіңгі жартысы майда цилиндр тәрізді, талшық- 
ты, микромералар деп аталатын клеткалардан, ал төменгісі ірі дәнді, 
талшықсыз макромералардан тұрады. Губкалардың осындай құры- 
лысты бластуласын амфибластула деп атайды (32-сурет).
89


ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Аналық организмнің ішінде амфибластула өзіне тән өзгерістерге 
үшырайды. Оның ірі макромера клеткалары майда микромераларға 
қарай ығыса бастайды. Бірақ бұл процесс біраздан кейін тоқтайды 
да, ірі клеткалар қайтадан кері шығып амфибластула бұрынғы күйіне 
қайта оралады. Бұдан кейін амфибластула саңылаулар жүйесі арқылы 
губканың денесінен су ортасына шығып, еркін жүзіп (талшықтардың 
көмегімен), біршама уақыттан кейін майда талшықты клеткалары бар 
жағымен субстратка бекінеді. Осыдан кейін майда талшықты клет­
калары ірі клеткалар жағына қарай еніп, екі қабатты ұрық пайда 
болады да, ол ересек губкаларға айналады.
Ұрықтың майда талшықты клеткалары губканың ішкі қабатын, 
ал ірі клеткалары - сыртқы, дермальды қабатын, мезоглеяны және 
оның барлық клеткалык элементтерін құрайды. Осындай даму кезеңі 
барлық ізбесті губкаларда жүреді.
Ізбестсіз губкалардың эмбриональды дамуы басқаша. Ұрықтанған 
жұмыртқаларының толық және біркелкі радиальды бөлшектенуінің 
нәтижесінде бір қабатты ұрық бластула түзіледі. Оның қабырғасы 
біртекті талшықты клеткалардан құралған. Осындай құрылысты 
бластуланы 
целобластула
деп атайды. Целобластула қабырғасының 
кейбір клеткалары талшықтарын жойып, оның қуысына өте бастайды 
да, біртіндеп бластоцель қуысы борпылдақ орналасқан клеткалармен 
толады. Осы күйінде целобластула паренхимула деп аталатын 
личинкаға айналады.
Паренхимула, саңылаулар жүйесі арқылы, губканың денесінен 
су ортасына шығып, талшықтардың көмегімен еркін жүзіп, біршама 
уақыттан кейін субстратқа бекінеді. Субстратка бекінгесін парен- 
химуланың сыртқы талшықты клеткалары иммиграция әдісімен ішіне 
қарай енеді, ал керісінше іштегі талшығы жоқ клеткалары сыртқа 
шығады, осыдан кейін личинка ересек губкага айналады. Личинка- 
ның талшықты клеткалары губканың ішкі қабатын, ал сыртқы ірі 
талшықсыз клеткалары дермальды қабатын, мезоглеяны және оның 
барлық клеткалық элементтерін құрайды.
Ізбестсіз губкалардың да, ізбесті губкалардың да дамуында ұрық 
қабаттарының ауысып отыруы байқалады. Осындай даму ерекшелігі 
барлық губкаларға тән. Сол себептен ғалымдар губкаларды “өңін 
айналдырған” немесе “іштей ақтарылған” жәндіктер (Enantiozoa) деп 
атайды. Өйткені барлық көп клеткалы жануарлардың ұрығы 
дамығанда бластуланың анимальды (жоғарғы) жагындағы орналасқан 
майда (микромер) клеткалары эктодерма қабатына бастама береді,
90


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ал вегетативты (төменгі) жағындағы ірі клеткалары ішкі энтодерма 
қабатын құрайды, тек губкаларда керісінше.
Губкалардың ұрық қабаттарының өзгерістерін туғызатын жағ- 
дайлары жөнінде көптеген жорамал пікірлер бар. Солардың ішінде 
ең көңілге қонарлықтайы В. Н. Беклемишевтың гипотезасы.
В. Н. Беклемишевтың пікірі бойынша, губкалардың ұрық 
қабаттарының өзгерістері, олардың личинкасының және ересек 
түрінің тіршілік ету жағдайларына байланысты. Личинка суда еркін 
жүзіп жүрген жағдайда, талшықты клеткалары кинетикалық (қозғалу) 
қызметін атқарады. Ал личинка ересек формасына айналған кезінде 
субстратка бекініп, жылжымай тіршілік ете бастайды, осыған 
байланысты талшықты клеткалары денесінің ішіне қарай өтіп, енді 
суды сүзу қызметін атқарады. Талшықтарының бір бағытта қозға- 
луына байланысты губканың саңылаулары арқылы үнемі су ішке 
парагастраль қуысына - өтіп, одан оскулум арқылы сыртқа шыға- 
рылып тұрады. Сумен бірге ұсақ қоректік заттар да келеді, яғни тал- 
шықты жағалы клеткалар екі қызмет атқарады: денесінде суды жыл- 
жыту және коректену. Сөйтіп онтогенез барысында тіршілік 
әрекеттеріне байланысты губкалардың ұрық клеткалары да өзге- 
рістерге бағытталып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет