ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Құрылысы және
физиологиясы.
Губкалардың денесі сыртқы
дермальды-эктодерма және ішкі гастральды-энтодерма клеткалы
қабаттарынан құралған. Екеуінің аралығында мезоглея деп аталатын
құрылымсыз, коймалжың зат орналасқан. Денесінің ішіндегі кең
қуысты парагастраль қуысы деп атайды. Парагастраль қуысы сырт-
қы ортамен оскулум (osculum) деп аталатын арнайы тесігі арқылы
байланысады. Губкаларға тән қасиет денесінде көптеген саңылау-
ларының (пораларының) болуы. Осыған байланысты губкаларды
кейде латынша Porifera ұсақ саңылаулы жәндіктер деп те атайды.
Саңылаулары (поралары) арқылы су парагастраль қуысына еніп,
оскулум арқылы қайтадан сыртқа шығады (27-сурет).
Губкалардың сыртқы эктодерма қабаты пинакоцит деп аталатын
жалпақ клеткалардан құралған (28-сурет). Олар эпйтелидің жабындық
қызметін атқара отырып, губканың ішкі ортасын сыртқы орта
әсерлерінен қорғап тұрады. Пинакоциттермен қатар ұзынша келген
породит клеткалары да дамыған. Олар пинакоцит клеткаларының бір
түрі. Эктодерма қабатынан энтодерма қабатына қарай созылып
орналасқан. Әрбір породит клеткаларыныц ортасында түтікше
болады, сол себептен пороциттер губкалардыц денесінде көптеген
саңылауларды (пораларды) құрайды. Пороциттер жиырылып саңы-
лаулардыц ашылып-жабылуына себепкер болады.
Энтодерма қабаты хоаноцит деп аталатын талшықты жағалы
клеткалардан құралган (28-сурет). Бұл клеткалардыц құрылысы
қарапайымдылардыц талшықтылар класы, Choanoflagellata отряды
өкілдерінің құрылысына өте ұқсас.
Хоаноцит клеткаларыныц талшықтары бір бағытта қозғалып,
судың үнемі парагастраль қуысына қарай өтуін камтамасыз етеді
және сол талшықтары арқылы сумен бірге келген ұсақ жәндіктерді,
бактерияларды ұстап клетка ішінде қорытады немесе ұсталынган
қорек заттарды мезоглеядагы амеба тәрізді клеткаларға жеткізеді.
Губкалардыц мезоглея қабатында көптеген әр түрлі клеткалар
кездеседі. Колленциттер - жұлдыз тәрізді клеткалар, түрлі бағыттарда
айқаса және ұштарымен жабыса орналасады да тірек, тасымалдаушы,
түйістіруші қызметін атқарады. Склеробласт, спонгиобласт
клеткалары
әр түрлі инелерді дамытып губканың қаңқасын
қалыптастырады. Амебоцит клеткалары еркін қозғалатын, мезоглея-
ға түскен ұсақ қоректік заттарды ұстап қорытады. Амебоциттердің
бір түрі археоциттер бұлар толық дифференцияланбай резервтегі
клеткалар болып саналады, жогарыда атап кеткен клеткаларға оңай
Достарыңызбен бөлісу: