ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
26-cypem .
Трихоплакс: A - Trichoplax adhaerens. Дене пішінінің әрбір 10 минуттан
кейінгі өзгерістерінің көрінісі; Б - Trichoplax sp. Денесінің көлденең кесіндісі;
В - жұмыртқасының бөлшектенуі; 1 - арқа эпителиі, 2 - құрсақ эпителиі, 3 - аралық
қабатының мезенхима клеткалары, 4 - мезенхима клеткасының ас қорыту вакуолі,
5 - жылтыр шар
цитоплазмадан түзіледі де, негізгі ядро жақ бөлігі созылып ішке қарай
паренхимаға батып жатады (26,Б-сурет). Беткі қабатының цито-
плазмалары бір-бірімен жанасып, жұқа беткі қабырғасын түзейді.
Осындай құрылысты клеткалардың
тобын батқан эпителий деп
атайды. Арқа эпителидің құрамында, қорғаныс қызметін атқаратын,
айрықша үлкен вакуолі бар шар тәрізді клеткалар да кездеседі, олар-
ды жылтыр (жалтыраған) шар деп атайды.
Төменгі “құрсақ” қабаты бір-біріне тығыз жанасқан талшығы бар,
цилиндр, колба тәрізді биік клеткалардан құралған. Талшықтарының
бір бағытта қозғалуы нәтижесінде трихоплакс
субстратта сырғып
жылжиды.
“Арқа” және “құрсақ” қабаттарының аралығында амеба тәрізді
және ұршық тәрізді клеткалар орналасқан. ¥ршық тәрізді клетка-
лардың өсінділері бір-бірімен және арқа, құрсақ клеткаларымен
ұштасып байланысады. Осы клеткалардың жиырылуы нәтижесінде
трихоплакс дене формасын өзгертіп жылжиды.
6—574
81
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Трихоплакстың қоректенуі фагоцитоз
және қорегін денеден тыс
қорыту жолымен өтеді. Бұған аралық қуыстағы амеба тәрізді және
құрсақ эпителий клеткалары қатысады. Олар тұрақсыз дифферен-
циацияланған және біріне-бірі оңай айнала алады. Мысалы, құрсақ
эпителий клеткалары қоректі қармап алып, талшығын жойып, ішке
қарай еніп амеба тәрізді клеткаларға айналады. Фагоцитоз әдісінен
басқа трихоплакс қоректік бөлшектер жинағын (бір
клеткалы бал-
дырлар, қарапайымдылар) денесімен орап алып, құрсақ эпителий
қабатының арнайы без клеткалары ас қорыту сөлдерін шығарып,
клеткадан тыс асты қорытып сіңіреді.
Трихоплакс жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді.
Жыныссыз көбеюі денесінің екіге бөлінуі немесе бүршіктену арқылы
өтеді. Бүршіктер эллипс пішіндес, денеден үзіліп талшықтары арқылы
жылжып кеңістікке таралады, бұларды кезеген бүршіктер деп атайды.
Жынысты көбею кезінде қүрсақ эпителий клеткасы өсіп, ішкі
аралық
қуысына еніп, сарыуызга бай гоноцит немесе ооцит деген
жұмыртқа клеткасына айналады. Сперматозоидтары анықталмаған.
Грельдің (1974) зерттеуі нәтижесінде трихоплакстың аралық
қуысында айырықша s-клеткалары табылган, бұларды аталық гамета-
лар болуы мүмкін деп жорамалдаған.
Жұмыртқаның бөлшектенуі толық және бірқалыпты сипатта
жүреді де, бластомерлер көлемі жағынан бір-бірімен шамалас болады
(26,В-сурет). Трихоплакстың эмбриондык
кезеңі толық зерттелме-
ген.
Трихоплакстар ертеден қалған көне дәуірге тән жәндіктер. Дене
құрылысы жағынан И. И. Мечниковтың фагоцителласына өте жақын,
сондықтан такталылар (Placozoa) типінің тегі “фагоцителла” деп
айтуға болады. Белгілі зоолог А. В. Иванов (1968) көп клеткалы жаін
уарлардың шығу тегі жөнінде И. И. Мечниковтың “фагоцителла”
концепциясын мойындау керек деген пікір айтты. Трихоплакстың
ашылуы И. И. Мечниковтың “фагоцителла” теориясына дәлел бола
алады.
Достарыңызбен бөлісу: