Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 45-сурвт



Pdf көрінісі
бет68/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

119


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
45-сурвт .
Сегіз сәулелі (А) және алты сәулелі (Б) маржан полиптердің көлденең 
кесінділері (жұтқыншақ деңгейінен кесілген): 1-эктодерма, 2-энтодерма, 
3-жұтқыншақ, 4-сифоноглиф, 5-вентральды бағыттаушы камера, 6-дорзальды 
бағыттаушы камера, 7-септа, 8-ішкі камера, 9-аралық камера.
тәрізділерді, моллюскаларды т. б. өзінің қармалауыштарымен ұстап 
алып, атқыш жіпшелерімен жансыздандырып, ауыз тесігіне апарады 
да, жұтқыншағымен жұтып алады. Ac қорыту процесі клетка ішілік 
және қуыс ішілік бойынша жүреді.
Қацқасы. 
Жеке тіршілік ететін полиптерде қаңқасы болмайды, 
ал колониальды формаларында қаңқасы күшті дамып, рифтер мен 
аралдарды құрап, жер беті бедерін (рельефін) жасауға қатысады.
Сегіз сәулелі (Octocorallia) полиптердің қаңқасы мезоглея қаба- 
тындағы спикула деп аталатын әр түрлі инелерден құралып, іштей 
орналасады. Спикулалар мезоглея қабатындағы склеробласт клетка- 
ларынан дамып, СаС03 (ізбестен) немесе мүйізді органикалық зат- 
тардан тұрады. Инелері көп болған жағдайда олар бір-бірімен 
қосылып тұтас қаңқаны құрайды.
Алты сәулелілерде (Нехасогаіііа) ізбесті қаңқасы сырттай 
орналасып ерекше түзіледі. Ең алдымен колониядағы жеке полиптің 
эктодермасынан сыртқа қарай ізбесті табанша тақтасы бөлініп 
шығады. Одан денесін сырттай орап алатын тостаганша қаңқасы 
немесе текасы дамиды. Текадан ішке қарай, септаларды бойлай қаңқа 
перделері склеросепталар жайылады. Склеросепталар тек бірінші 
реттегі жұп септаларда болады. Колонияның жеке особьтарының 
қаңқалары бірігіп мықты, бүкіл колонияға ортақ қаңқаны қүрады.
120


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Осындай колониялардан пайда болған маржан рифтері мен маржан 
аралдары Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарыңда өте көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет