Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет70/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

46-сурет .
Рифтердің пайда болу схемасы: 
Рифтер пунктирмен (б ір -б ір ін е жақын 
орналаскан нүктелер) белгілснген. Т еңіз түбінің 
біртіндеп төмен түсуінің салдарынан жағалық 
рифтер (А) бірте-бірте барьерлік (Б), одан 
атоллға (В) айналады (Дарвиннің теориясы 
бойынша)
Б
122


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
біртіндеп төмен кете бастаған сайын, оның мөлшері де кішірейеді, 
сонымен қатар жағалық маржандар да аралмен бірге судың астына 
батады, ал оны құрайтын полиптер тереңдікке шыдай алмай өліп, 
орнына, жаңа жас полиптерді бере бастайды. Өлген полиптердің 
қаңқасы жас полиптерге бекінетін субстрат болады. Арал суға түгел 
батқан кезде оның орнына атолл түзіледі” (46-сурет).
Сөйтіп, теңіз түбінің біртіндеп шөгуінің салдарынан жағалық 
рифтер бірте-бірте барьерлік рифтерге, одан ортасы теңіз суына толы 
айдыны (лагуна) бар атоллға айналады. Осы жорамалды Ч. Дарвин 
1842 жылы шыққан “Коралл рифтерінің құрылысы және таралуы” 
деген кітабында толық жазып көрсетті.
Ал, Агассиц пен оны жақтаушыларының теориясы бойынша 
барьерлік рифтер және атоллдар су астына кеткен таулар мен 
жартастардың төбесінде орналасып дамыған. Бұл теория бойынша 
таулар мен жартастар бұрын мұхиттың ортасынан шығып тұрған, 
содан кейін не теңіз түбінің томен шөгу салдарынан, не бұзылуы 
нәтижесінде олар су астына біртіндеп батып кеткен. Кейін зерттеу- 
шілер атоллдардың бірқатарын өте терең жерден бұрғылап, олардың 
ірге тасы өлген полиптердің қаңқаларынан тұратындығын анықтап, 
бұл теорияны жоққа шығарды.
1880 жылы Джон Мэррей осы жөнінде өз теориясын ұсынды. 
Оның ойынша, атоллдардың ішкі айдынындағы (лагуна) өзінің 
тіршілік әрекетінен бөлініп шыққан жогары концентрациялы көмір 
қышқыл газының еріткіш әрекетінің нәтижесінде маржан құрылысы- 
ның ішкі жағы біртіндеп бұзыла береді де, ал бүған керісінше сыртқы 
қабаты теңіз суында өте көп мөлшерде болатын кальций карбонаты- 
ның есебінен өсіп тұрады. Бірақ, теңіз суын гидрохимиялық зерттеу- 
лердің нәтижесінде жогары температура жағдайында көмір қышқыл 
газының ізбестерді ерітіп жібере алмайтыны анықталды. Сөйтіп бүл 
теория да рифтердің түзілуіне дәлел бола алмай қалды.
Барлық теориялардың ішінде Ч. Дарвиннің теориясын дұрыс 
деуге болады. Осыған сәйкес ағылшын ғалымы Вильям Рисе төрт 
атоллдардың қүрылысын және олардың қалыптасуын зерттеп, 1962 
жылы Ч. Дарвиннің жорамалдары дәлелденді деп хабарлады.
Коралл рифтерін түзуші полиптердің қалдықтары өте ерте 
геологиялық дәуірлерде табылған. Палеозой эрасында рифтерді 
қалыптастыруға қатысқан өліп кеткен Rugosa және Tabulata класс 
тармағының өкілдері, ал Мезозой мен Кайнозойда казіргі риф түзуші 
полиптерге ұқсас түрлері қатысқан.
123


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Маржан полиптердія қаңқасы құрылыс, өңдеу материалдары 
ретінде пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет