ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
маржандардың кәсіптік маңызы бар, олардан зергерлік бұйымдар
жасайды.
Теңіз қауырсыны Pennatularia - отрядына әсем түсті, тарамдал-
маған ірі колонияльды полиптер жатады. Колонияның негізгі діңгегі
алғашқы полиптің ұзарған денесінен құралып, оның жоғарғы жағында
екі қатар параллель тәртіпте өте нәзік полиптері орналасқан. Колония
төменгі сабақ жағымен су түбіне батып тұрады, Колонияның
ұзындығы 40-60 см, ал Umbellula encrinus, Um. magniflora-ның 200
c m
.
Umbellula туысының өкілдері Атлант мүхитының солтүстігінде,
терең жерлерде мекен етеді. Атлант мүхитында және Жерорта
теңізінде 20-40 м тереңдікте Veretillum cynomurium, ал Атлант,
Тынық, Үнді мұхиттарында әр түрлі тереңдікге Pennatula phosphorea
кездеседі. Колониялары қызыл сары түсті. Pennatula, Veretillum
туыстарының өкілдері өз денесінен жарық шығарады. Жарықты
шығаратын эктодерма без клеткаларының сілекейлері.
Достарыңызбен бөлісу: